Атап айтқанда XX қысқы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан қола медаль жеңіп алған болатын. Ұлттық құрама сапында Астана қаласының спортшысы Сұлтан Қожахметов өнер көрсетті. Сондай-ақ сурдо таеквондодан өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Ахметов Руслан күміс жүлдеге ие болды. Одан бөлек сурдо дзюдодан ІІ Әлем чемпионатында Сабыржан Хапизовта үздік үштіктер қатарынан көрінді.
Басқарма басшысы спортшыларды және олардың жеке бапкерлерін жыл басынан бері қол жеткізген жоғары нәтижелерімен құттықтап, Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмудұлының құттықтауын жеткізіп, ақшалай сертификаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, ХХ қысқы Сурдлимпиада ойындарында ел намысын қорғап, елордамыздың атын шығарған Қожахметов Сұлтанға бір бөлмелі пәтердің кілтін табысталды.
Спортшыларымыздың мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жаттықтырушыларымыздың да елеулі үлестері жоғары екенін айрықша атап өткен жөн.
Бүгінде сары құрлықта кез-келген спорт түрінен бәсекелестік өте жоғары. Сол себепті, біз үшін әр медальдың, құны жоғары.