17 – 24 маусым аралығында Тараз қаласында пара жүзуден жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 100 – ге жуық пара спортшы сынға түсті. Жастар мен жасөспірімдер арасында пара жузуден Қазақстан Республикасының чемпионатында Елорда құрамасы 17 алтын, 9 күміс, 5 қола медаль еншіленіп, жалпы командалық 2 орынды иеленді. Сондай – ақ, 4*50 кешенді жүзу эстафетасы бойынша 3 орын, 4 * 50 еркін стильде жүзу эстафетасы бойынша 2 орын алды.( Наметуллаев Ерсұлтан, Калиева Аделя, Мырза Абдурахим, Нұртай Қуаныш)
Пара жүзуден жаттықтырушы Бахытжан Жұмабаев:
« Ел біріншілігі Астана құрама командасы үшін сәтті өтті. Наметуллаев Ерсұлтан, Тұрғанбеков Али, Мырза Абдурахим, Калиева Аделя жастар құрама команда қатарынa еніп, 2025 жылы Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Бұл жеңіс – еңбекпен келді. Қатарға жаңадан қосылған спортшылар үшін аталмыш жарыс – жаңа серпіліс берді деп ойлаймын. Біз бұл нәтижемен шектелмейміз, бұл – тек бастамасы» деді.