Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ПАРА ДЗЮДОДАН СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ!

    3 маусым күні Спартакиада аясында пара дзюдодан өткен тартысты жарыс өз мәресіне жетті.
    Жарысқа еліміздің 14 аймағынан 111 спортшы қатысып, әр салмақта үздіктер анықталды.
    Елорда намысын 13 спортшы қорғап, жоғары нәтиже көрсетті. Жекелей сайыста астаналық спортшылар мынадай жетістіктерге қол жеткізді:
    🥇 Алтын жүлде иегерлері:
    • Шамей Ерғали (J1, 81 кг)
    • Жамауов Азамат (J2, 64 кг)
    • Науатбек Ақмарал (J2, 52 кг)
    • Жарболова Айдана (J2, 60 кг)

    🥈 Күміс жүлде иегерлері:
    • Нұрдаулетов Асылан (J1, 77 кг)
    • Арыстанбеков Бауыржан (J1, 95 кг)

    🥉 Қола жүлде иегерлері:
    • Жарқынбек Хамитдин (J2, 95 кг)
    • Шаймерденов Қайрат (J2, +95 кг)
    • Табулдинов Арман (J2, +81 кг)

    🏆 Командалық есепте Астана құрамасы – 3-орынға ие болды!
    Астананың абыройын асқақтатқан барлық спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
    Жеңістеріңіз көп болсын!

    ТАЕКВОНДОДАН СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ СӘТТІ ӨТТІ!

    2 маусым күні Астана қаласында пара таеквондодан Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы өтті.
    Жарысқа еліміздің 14 аймағынан 74 спортшы қатысты.
    Астана құрамасынан 14 спортшы бақ сынап, келесі нәтижелерге қол жеткізді:
    Жусупова Анель — 🥇-орын (Пумсэ)
    Масалимов Ернар — 🥉-орын
    Харина Людмила — 🥉-орын
    Жолдасбаева Лиза — 🥉-орын
    Командалық есепте Астана командасы 3-орынға ие болды🏆
    Жеңіске жеткен спортшыларымызды құттықтаймыз!

    АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VII СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ!

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында тірек-қимыл аппараты, көру мүшелері зақымданған және интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы ресми түрде ашылды.           Төрт жылда бір рет өтетін бұл жарыста Астана қаласынан 189 спортшы жүлделер үшін бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, VII спартакиадаға қатысушылар аудандық және облыстық іріктеу кезеңдерінде іріктелген.                                                  Төрт жылда бір рет өтетін бұл ауқымды спорттық шара биыл еліміздің бес өңірінде өтеді. Жалпы жарыс бағдарламасына 17 спорт түрі енгізілген.                                                  Астана қаласында: волейболды отырып ойнау, пара таэквондо, пара дзюдо, бочча, пара би және пара каратэ өткізіледі;
    Тараз қаласында: голбол, пара жүзу, пара пауэрлифтинг;
    Алматы облысында: пара оқ ату және пара жеңіл атлетика;
    Көкшетау қаласында: шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан жүлдегерлер анықталады.

    VII Спартакиаданың қорытындысы бойынша алдағы халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.

    АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЙБЫНДЫ НӘТИЖЕ!

    2025 жылдың 23-25 мамыр аралығында Ташкент қаласында өткен Пара каратэден Азия чемпионатына 8 елдің үздік спортшылары бақ сынасты. Осы дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтижемен көзге түсті. 🥇🥈🥉
    Құрама сапында 7 спортшы бақ сынап, төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:
    🥇орын- Жусупова Ляззат
    🥈орын- Жаннетова Нұржайна
    🥉-орын:
    Мұхамеджанов Дидар
    Ибраймова Азиза
    Нурмагамбетов Ерлан
    🏅 Билялов Рустам – 5-орын
    Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿 Жаңа белестер мен үлкен жеңістерге жол ашық болсын

    Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

    ⚜️Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында биыл елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.

    📩Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.

    📨Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.

    📈Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

    🔗Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

    – Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
    – Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
    – Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
    – Құзыреттерді бағалау;
    – Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
    – Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.

    📌 Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады.

    АСТАНАЛЫҚ ПАРА СПОРТШЫ ҚУАНЫШ РАХАТҰЛЫ ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!

    Грузия астанасы Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогы өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға 25 елден 134 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

    Аталған байрақты бәсекеде ел намысын Астана қаласының өкілі Қуаныш Рахатұлы абыроймен қорғап, 54 келі салмақ дәрежесінде 110 келіні бағындырып, 10 қарсыласын артта қалдырды. Нәтижесінде ерлер арасында жекелей есепте күміс жүлдені еншіледі.

    Сонымен қатар үш әрекеттің қорытындысы бойынша да күміс медаль иеленіп, Қазақстан туын биікте желбіретті.

    Қуаныш Рахатұлы бұл спорт түрімен 18 жасынан бері айналысып келеді. Ол – пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты мен Кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазіргі уақытта спортшы Әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қарқынды дайындық жүргізуде

    ТАТАМИДЕГІ ТРИУМФ: ҚАЗАҚСТАН ПАРА ДЗЮДОШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ!

    13-15 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғасқан пара дзюдодан жаһандық дода мәресіне жетті.

    IBSA Judo World Championships Astana бәсекесінің үшінші күнінде командалық сайыстан ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынды.

    Қазақстанның әйелдер құрамасы айналмалы жүйе бойынша күресіп, қорытынды нәтиже бойынша топ жарды. Олар жарыс жолында Түркия, Үндістан және тартысты белдесуде Өзбекстаннан басым түсті. Тек бастапқы кезеңде ғана бір ұпаймен Бразилияға жол берді.

    Қазақстанның ерлер құрамасы да нағыз жігерге толы күрестің үлгісін көрсетті. Әр қарсыласпен соңғы секундқа дейін беріспей, қайсарлықтың арқасында жеңісті жұлып алды. Жігіттеріміз Моңғолия мен Грузияны жарыстан шығарса, финалда басты фаворит Бразилияны жеңіп кетті.

    Ал әлем чемпионатының жеке сайысы Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде еншілеп, жалпы есепте 4-орынға тұрақтады.

    Айта кетейік, үш күнге жалғасқан жарыста 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

    2025 IBSA Judo World Championships Astana! ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ПАРА ДЗЮДОШЫЛАРЫ АСТАНАДА БАС ҚОСТЫ!

    Әр төрт жыл сайын өтетін бұл дүбірлі додада 40 елден 350-ден астам спортшы бақ сынауда. Биылғы жарысқа 15-тен астам Паралимпиада чемпиондары мен әлемдік спорт жұлдыздары арнайы келген.

    Қазақстан құрамасы сапында ел намысын Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Арстанбеков Бауыржан, Нұрдәулетов Асылан сынды хас шеберлер қорғады!🇰🇿

    🔸 Ақмарал Науатбек – J2 санаты бойынша 52 келі салмақта бақ сынасты. Ол ширек финалда Қырғызстандық Айбике есімді қарсыласымен күресті. Өкінішке қарай, ереже бұзғаны үшін жеңіс қарсыласқа берілді. Алайда, бұл — жеңіліс емес, бұл — келесі жеңістің бастауы!

    🔸 Нұрдәулетов Асылан – J1 санаты бойынша 70 келіде қола жүлде үшін белдесті. Оңтүстік Кореяның мықтысы Хионбин Киммен өткен шешуші сәтте соңғы секундта есе жіберді. Десе де, бұл тәжірибе – ертеңгі жеңіске бастар баспалдақ!

    🔸 Бауыржан Арстанбеков – J1 санаты бойынша 81 келіде ел намысын қорғады. 1/4 финалда грузин балуаны Мишико Шиобришвилиді айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға өтті. Алайда, жартылай финалда сүрініп, шешуші жекпе-жекке өте алмады. Жартылай финалда белдесу оңайға соқпағанымен, бұл кезең Бауыржан үшін бағалы тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан сәт болды!

    🔸 Ерғали Шамей – J1 санаты, 81 келі салмақта сынға түсіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды!
    Ол белдесу барысында Паралимпиада жүлдегері, француз Сирил Жонармен күресіп, жоғары деңгейдегі дайындық пен төзімділіктің үлгісін көрсетті. Бауыржан Арстанбековпен кездесу кезінде қарсыластың бас тартуы мен жарақатына байланысты жеңіс Ерғалиға берілді.

    Елорда қоржынында — 1 ҚОЛА!
    Бұл — төккен тердің, қажырлы дайындықтың, және ең бастысы, рухтың жеңісі!
    Пара дзюдо — жай ғана спорт емес, бұл — ерік пен сенімнің, қайсарлық пен рухтың сыналар алаңы. Мұнда әр жеңіс – жүректен басталады.
    Жеңісті күндеріміз көп болғай!
    Қазақстан спортының айбыны асқақтай берсін!

    АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!

    3–7 мамыр аралығында өткен Азия чемпионатында қол күрестен 21 елден келген 300-ге жуық мықты спортшы бас қосып, шын мықтыны анықтады.
    Қазақстан құрамасы нағыз қайсарлық пен рухтың үлгісін көрсетіп, жалпыкомандалық 1-орынға ие болды!

    Жеңіс тұғырын бағындырған саңлақтарымыз:

    • Камзаев Ержан– 1 орын (сол және оң қол)
    • Мұхамед Зайырахмет – 1 орын (сол және оң қол)
    • Балтабай Нұрлан – 1 орын (оң қол), 2 орын (сол қол)
    • Нұрқожа Шерхан – 1 орын (сол қол), 2 орын (сол және оң қол);
    • Қабылов Асхат – 2 орын (сол және оң қол)

    Жарайсыздар, чемпиондар! Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

    ПОДГОРИЦАДАҒЫ ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ТУРНИРІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ!

    29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен ITTF World Para Challenger Podgorica халықаралық ашық турнирі сәтті аяқталды!
    Ауқымды додада әлемнің 28 елінен келген 143 спортшы бақ сынады. Қазақстан намысын қорғаған спортшыларымыз да жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
    Аралас жұптар арасында:
    • Ержанқызы Алтынай пен Эрекеев Талғат 3- орынды иеленді.
    • Степанова Александра мен Қазиев Ерлан 3- орынды иеленді.

    Әйелдер жұбы санатында:
    • Степанова Александра мен Айдарханова Сәуле жүлделі 3- орынды иеленді.

    Бұл нәтижелер — еліміздің пара үстел теннисі үшін маңызды жетістік, әрі спортшыларымыздың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.

    Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!