Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    АСТАНАДА ВОЛЕЙБОЛДЫ ОТЫРЫП ОЙНАУДАН ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ ҚҰРАМАЛАРЫ АРАСЫНДА ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧ ӨТТІ!

    Елордадағы «Хан Шатыр» сауда жəне ойын-сауық орталығында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан мен Жапония құрамалары арасында жолдастық матч өтті.
    Жолдастық кездесудің басты мақсаты – қоғамды паралимпиадалық спорт түрлерімен таныстыру, елімізде инклюзивті ортаны дамыту, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, матч спортшылардың өзара тəжірибе алмасуына бағытталды.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы – волейболды отырып ойнау бойынша Азия чемпионатының, Азия Пара ойындарының жүлдегері, сондай-ақ Париж-2024 Паралимпиада ойындарында үздік бестіктен көрінген команда.

    Алдағы маусымда ұлттық құрама 9-19 маусым аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Asia Oceania Zonal Championships Азия чемпионатына қатыспақ.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДЫ ОТЫРЫП ОЙНАУДАН ҚР КУБОГЫ ӨТТІ!

    Астана мен Алматы қалалары, Жетісу және Алматы облыстарының командалары қатысып, тартысты ойын көрсетті.

    Клубымыздың волейболшылары үздік ойын көрсетіп, қарсыластарға шақ келтірмей, жеңімпаз атанды! Спортшыларымыз ақшалай сыйлықтар мен естелік марапаттарға ие болды:

    1— орын- 500 000 тг

    Жеке номинация бойынша:

    Үздік шабуылшы- Қабулова Фарида

    Парадзюдодан Әлем чемпионатының алдындағы оқу-жаттығу жиыны!

    2025 жылдың 7–21 сәуірі аралығында Алматы қаласында пара дзюдо спортынан Әлем чемпионаты алдындаға оқу-жаттығу жиыны өтуде.

    Жиын барысында спортшылар жарысқа бейімделіп, шеберліктерін шыңдауда. Спортшылар күн сайын тәжірибе алмасып, жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтауда.

    Еліміздің намысын қорғайтын жандарға сәттілік тілейміз!

    Қостанайда өтетін шахмат чемпионатына дайындық!

    5–14 сәуір аралығында Астана қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатына арналған оқу-жаттығу жиыны өтті.

    Жаттығу барысында спортшыларымыз өз шеберліктерін шыңдап, тактикалық ойлау мен психологиялық дайындыққа ерекше назар аударды. Бұл – жеңіске бастар жолдағы маңызды қадам!

    Чемпионатта сәттілік серік болсын!

    ҚАУІПСІЗДІК — БАРШАҒА ОРТАҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК.

    Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің тапсырысы бойынша Паралимпиадалық жаттығу орталығында балалардың терезеден құлап кетпеуін алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар мен балаларға қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Қауіпсіздік — баршаға ортақ жауапкершілік.

    ЕЛОРДАЛЫҚ ПАРАДЗЮДОШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАДЫ!

    23-25 наурыз күндері Тбилиси (Грузия) қаласында өткен парадзюдодан Әлем кубогында елордалық парадзюдошылар жақсы нәтиже көрсетіп, еліміздің спорт әлеміндегі беделін одан әрі арттырды.
    Спорт клубымыздан 4 парадзюдошымыз бақ сынады!

    Ақмарал Науатбек – чемпион атанды!

    Елордалық парадзюдошы Ақмарал Науатбек (52 кг, J2) Тбилисидегі Әлем кубогында қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль жеңіп алды. Ақмарал Олимпиада чемпионы белгісі – Алтын нашивкамен алғаш рет өнер көрсетті.

    Спорт клубымыздың парадзюдошысы
    Шәмей Ерғали жарыстың алғашқы кезеңдерінде бір елдің спортшысын жеңіп, жартылай финалға шыққанымен, жарақат алуына байланысты жарысты жалғастыра алмады.

    Бауыржан Арыстанбеков жарыста жақсы өнер көрсетіп, 7-ші орынмен шектелді.

    Нұрдаулетов Асылан орынсыз.

    Бұл Әлем кубогы – Паралимпиададан кейінгі жаңа салмақтағы алғашқы халықаралық жарыс болды. 19 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысты. Спорт клубымыздан шыққан парадзюдошылардың осындай халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуы еліміздің спортындағы жетістіктерді одан әрі арттыруға зор ықпал етеді.
    Жеңіс құтты болсын!!!

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ!

    Қазақстан Республикасының құрама командасы, пара үстел теннисінен 11-14 наурыз аралығында Испанияның Коста-Брава қаласында өткен ITTF World Para Future Costa Brava 2025 халықаралық турнирінде өз өнерін көрсетті. Турнирге 29 елден 164 қатысушы қатысты. “Елорда” спорт клубының атынан Ержанқызы Алтынай шықты.

    Турнирдің қорытындысы бойынша: 2-орын — аралас жұптан XD20:

    Ержанқызы Алтынай (Астана) — Суртубаев Марат (Жетісу обл.)

    Жеңіс құтты болсын!

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ!

    19-24 ақпан аралығында Германияның Хайдельберг қаласында пара дзюдодан Әлем кубогы халықаралық турнир өтті. Барлығы 16 мемлекеттің спортшылары қатысып, өзара мықтылардың мықтысын анықтады.

    Астана қаласынан, Елорда спорт клубының атынан шыққан J1 санатындағы Нұрдәулетов Асылан (70кг) мен Ерғали Шамей (81кг) еліміздің абыройын көтеріп, жеңімпаз атанды. Екі спортшы да өз салмақ дәрежелерінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, 1 орынға ие болды. Олар тек өздері үшін ғана емес, еліміздің паралимпиадалық спорт түрлеріндегі дамуына да зор үлес қосты.

    Қазақстанның парадзюдодан әлемдік деңгейде алға жылжып келе жатқанын көрсететін бұл жеңіс, елімізде паралимпиадалық спорттың дамуына ықпал етеді деп сенеміз. Жеңістерімен
    қуантып, еліміздің абыройын әлемге танытуда олар зор рөл атқарады. Спортшыларымыз жеңістерімен қуанта берсін!

    Спорт клубымызда 2024 жылғы жыл қорытындысы іс-шарасы өтті

    Бүгін «Елорда» спорт клубымыздың жылдық қорытындысының іс-шарасы өтті! 2024 жыл спорт клубымыз үшін табысты жыл болды!

    Іс-шара барысында марапаттау салтанаты өтті. Халықаралық ареналарда жеңіске жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушылары құрметке бөленіп, жетістіктері жоғары бағаланды.

    Биыл 2024 жылы спортшыларымыз жалпы 510 медаль қоржынға салды. Оның ішінде Республикалық жарыстарда 343 медаль , Халықаралық жарыстарды 101 медаль, Әлем чемпионатында 28 медаль, Азия чемпионатында 26 медаль және биылғы жылы алғаш рет 5 спортшымыз лицензия алып, Францияның Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып алтын және күміс медаль иеленіп олжалы қайтып, қазақ елінің көк туын биікке көтерді.

    Жаттықтырушылар мен спортшылар және “Елорда” спорт клубының қызметкерлері Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Мырзабосынов Ербол Қуантайұлының алғыс хаттарымен, Астана қаласы әкімінің орынбасары Мейірханов Ерік Серікұлының, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқарамасының басшысы Левит Василий Алексеевичтің, Қазақстан республикасының туризм және спорт министрлігі спорт және Дене Шынықтыру істері комитетінің “Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы” директоры Естаев Ержан Есімханұлының, Қазақстан Републикасының ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Акпамбетов Олжас Жомартовичтің алғыс хаттарымен марапатталды.

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ АҚМАРАЛ НАУАТБЕК ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

    Ақмарал Науатбек — XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы. Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Жартылай финалда Түркиялық қарсыласы Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.