Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАРА ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМДІК СЕРИЯНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ.

    Лимож қаласында пара жүзуден әлемдік сериясы өтті. Айта кетейік, аталмыш жарыс Астаналық спортшылардың халықаралық дәрежедегі алғашқы жарысы. Тұрғанбеков Али төртінші класта — екінші орынға ие болды, ал Наметуллаев Ерсұлтан тоғызыншы класта үшінші орынды еншіленді.

    ҚАРАҒАНДЫДА СУРДО ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ.

    Жарысқа еліміздің 17 өңірінен 90 спортшы қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша Ахметов Руслан( 80 кг), Затаева Адэля( 62 кг) және Черняк Елена (48 кг)1 орынға ие болды. Сонымен қатар, Затаева Адэля пумсэ бағдарламасы бойынша жеке есепте — 2 орын, жұптық сында — 3 орын иеленді. Медальдар жиынтығы бойынша, Астана құрамасы жалпы командалық 3 орын алды.

    СУРДО ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ.

    31 мамыр мен 2 шілде аралығында Тараз қаласында ел біріншілігі өтті. Чемпионатқа еліміздің 15 өңірінен (Астана, Алматы, Жамбыл облысы, Абай облысы, Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Қарағанды облысы, Ақтөбе облысы, СҚО, БҚО, ШҚО, Павлордар облысы, Жетісу облысы, Қостанай облысы, Шымкент) 100 — ге жуық спортышлар тотамиде сынға түсті.

    Жарыс нәтижесі бойынша Елорда құрамасы 2 алтын, 2 қола медаль иеленіп, жалпы командалық 3 орынды алды.

    Жарыс нәтижесін ұсынамыз:

    🥇Хапизов Сабиржан(+100 кг)

    🥇Файзуллина Амина ( 70 кг)

    🥉Бысыкатов Григорий ( 60 кг)

    🥉Есмагамбетова Айнура ( — 57 кг)

    ПАРА ОҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА АСТАНА ҚҰРАМАСЫ 8 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕНДІ.

    25 — 31 мамыр аралығында Алматы қаласында пара оқ атудан ҚР чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 13 өңірден 60 — қа жуық спортшы қатысты. Елорда құрамасы 5 “алтын”, 2 “күміс”, 1 “ қола” медаль еншіленіп, жалпы командалық 1 орынды иеленді.

    Пара оқ атудан жаттықтырушы Бурчалин Михаил жарыс туралы:

    “Астана құрама командасындағы 5 спортшы 9 стартқа қатысты. Біз жоғары нәтиже көрсетіп, медальдік есепте бірінші орынды иелендік(Олимпиадалық есептеу жүйесі бойынша).

    • Алиева Севда халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындады
    • Федюкин Виктор спорт шебері нормативін орындады.
    • Оторбаев Ардак аталмыш жарысқа екі ай көлемінде дайындалғанына қарамастан, спорт шеберінің нормативін орындады.
    • Төлегенова Айгерім спорт шебері нормативін орындады.
    • Төлегенова Айгерім және Оторбаев Ардак пара оқ атумен аз уақыт айналысқанына қарамастан, керемет нәтиже көрсетуге кедергі болмады” — деді.

    СУРДО-ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЕҢ ІРІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

    Бүгін Астанада 21 жасқа дейінгі есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында сурдо-футзалдан әлем чемпионаты басталды.

    Елорда төрінде алғаш рет 10 мемлекеттің қатысуымен сурдо- футзалдан ерлер арасында 21 жасқа дейінгі әлем чемпионатының алғашқы матчтары өтті.

    «Сурдо-футзалдан 21 жасқа дейінгілер арасында бірінші әлем чемпионаты 2022 жылы 8 елдің қатысумен Малайзияда өтіп, Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болған еді. Міне сол жетістігімізді ескере келе, 2023 жылы келесі әлем чемпионатын біздің елде өткізуге шешім қабылдады. Бұл біз үшін тарих. Әрі 10 мемлекеттің болуы жоғары көрсеткіш. Бұйырса, осы жерде Ираннан кеткен есемізді қайтарсақ дейміз» — деді, сурдо-футбол және футзал федерациясының вице-президенті Қайрат Сейтбеков

    Бұл әлем чемпионатына ойыншыларды іріктеу ішкі біріншіліктің қорытындысв бойынша жүргізілген. Вице-президенттің айтуынша, қазіргі сәтте Астана, Алматы, Шымкент мегаполистері, Қарағанды облысы, СҚО-да бұл спорт түрі жақсы дамып келеді. Бұның бір нәтижесі — 2022 жылғы әлем чемпионатынан қарағанда құрама 50-60%-ға жаңарған.

    «Уақыт өткен сайын сурдо-футзал қарқынды дамып келеді. Оның бір мысалы — Астана төріне Тәжікстан, Украина, Бразилия, Таиланд, Оман секілді мемлекеттер бірінші рет бақ сынайды.

    Біз үшін басты қарсыластар Иран, Украина, Бразилия деп санаймын. Бірақ барлығына сыйластықпен және жауапкершілікпен қараймыз» — деп, ұлттық құраманың қақпашысы Нысан Құрбанов.

    Жерлестеріміз тұсау кесер матчында дебютант Тәжікстан құрамасымен жолығып, 36:1 есебімен тас-талқан қылып, жеңді. Бұл сурдо-футзалдан Қазақстанның ең ірі жеңісі ретінде тіркелді.

    Айта кетейік, 10 маусымға дейін жалғасатын бәсекеге Әзербайжан, Сауд Арабиясы, Иран, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Бразилия, Таиланд, Оман, Қазақстан елдері қатысып жатыр.

    БОЧЧА: АСТАНА ҚАЛАСЫ КОМАНДАЛЫҚ БӘСЕКЕДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

    Боччадан Астанада өтіп жатқан үшінші ел чемпионатының шешуші жұптық және командалық сайыстар бойынша жеңімпаздары анықталды.

    Астана қаласының жүлдегерлері:

    Ересектер арасындағы жұптық сайыс бойынша (BC3 класс) Нұралы Нұрманқұл, Ярослав Осипенко 2-орынды иеленді.

    Ал ересектер арасындағы командалық бәсекеде Итиана Шыңғысқызы, Меруерт Тілебалды, Ерхат Алмат 1-орынды қанжығалады.

    «Елімізде бочча спортының негізін қалаушы Сұлтанбек Орынбасаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі едім. 7 жылдан бергі уақытта Қазақстан чемпионатының жеке сайысында 2 мәрте қола жүлдеге ие болдым. Биыл бірінші рет командалық сайыс өткізіліп, өзім аңсаған чемпион атағына қол жеткіздім», — деді астаналық спортшы Ерхат Алмат.

    2023 жылы ел чемпионатына 47 адам қатысса, биыл олардың саны 89-ға жеткен.

    «Биылғы жарыс өте жоғары деңгейде өтті деуге болады. Себебі былтырғыға қарағанда қатысушылардың саны 2 есеге көп болды. 12 өңірден арнайы қатысты. Олардың ішінде БҚО, Түркістан облысы бірінші рет бақ сынады. Сондай-ақ жарыс барысында электронды табло қолданылды. Мұның бір ерекшелігі – турнирдің онлайн нәтижесін өзге елдер де көре алды. Осылардың барлығы елімізде боччаның жақсы деңгейде дамып жатқанын көрсетеді. Барлықтарыңызды құттықтаймын!» — деді ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.

    Енді жерлестеріміз үшін осы жылғы басты жарыс саналатын әлем чемпионаты 14-22 қараша күндері аралағында Бахрейннің Манама қаласында өтеді.

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАРА КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

    Қазақстанда пара каратэ бойынша IV республикалық чемпионат өткізілді. Бұл мүгедектігі әртүрлі адамдарға арналған каратэ жекпе-жек өнерінің бейімделген түрі.

    «Бұл спорт физикалық шектеулерге қарамастан барлығына каратэге қатысуға мүмкіндік беруге тырысады және күш, үйлестіру, төзімділік және өзіне деген сенімділік сияқты физикалық және психикалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Бұл спорт түрімен тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті бұзылған, Даун синдромы бар спортшылар, арба отырған адамдар айналысады. Қатысушылардың жасы 7-ден 60-қа дейін», — деді ҚР каратэ федерациясының президенті, ҚР каратэ-додан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мейрамгүл Дүкуева.

    Пара каратедегі спортшылар мүгедектіктің түріне және дәрежесіне байланысты әртүрлі санаттарда жарысады. Жіктеу қатысушыларға тең жағдай жасауға және адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    «Негізгі пәндерге ката (формальды жаттығулар) кіреді — спортшылар техника және орындау бойынша төрешілер бағалайтын қозғалыстардың белгілі бір тізбегін орындайды», — деп жалғастырды ҚР каратэ федерациясының президенті.

    Айта кетейік, бұл чемпионат осы жылдың желтоқсан айында Алматыда өтетін Азия біріншілігіне іріктеу болып саналады. Оған Ақмола, Атырау, Жамбыл облыстарынан, Шымкент және Орал қалаларынан 50 спортшы қатысты.

    АСТАНАДА БОЧЧАДАН ІІІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

    Боччадан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында үшінші Қазақстан чемпионаты басталды.

    Кейінгі 2 жылда бұл спорт түрі танымалдыққа ие бола бастады. Себебі қысқа ғана уақытта Қазақстан чемпионатынан бөлек, былтыр бірінші рет Қазақстан кубогі, Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған турнир т.б біршама жарыстар ұйымдастырылды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапына кірген пара спортшылар 2023 жылы Азия Пара ойындарында алғаш рет бақ сынады.

    «Боччадан Қазақстан чемпионаты жаңа деңгейге көтеріліп отыр. 2023 жылы біріншілікке 47 пара спортшы қатысса, биыл олардың саны 90-ға жуықтады. Паралимпиадаға кіретін пара спорт түріне қызығушылық уақыт өткен сайын артып жатыр. Қазіргі сәттің өзінде республикамыздың 10 өңірінде филиалдарымыз жұмыс істеп жатыр. Ұлттық құрама сапында 41 отандасымыз бар. Енді ғана дамып жатқан пара спорт түрінде халықаралық турнирлерде алғашқы жүлделер де қоржынымызға түсе бастады. Мамыр айының ортасында Финляндияда өткен халықаралық додада жеке сайыстан Қуаныш Асқарбеков пен командалық бәсекеде қола жүлдеге ие болдық. Бұл біздің жетістіктеріміздің бастауы деп білемін. Алдағы уақытта қола жүлде күміс пен алтынға айналады деп сенемін. Осы пара спорт түрін қолдап отырған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Боччамен айналысып жатқан барша жандар мен ата-аналарға ерекше рақметімді айта отырып, бәріңізге сәттілік тілеймін», — деді Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев ашылу салтанатында.

    Биылғы жарыстың басты ерекшелігі – командалық және жұптық бәсекеде жүлделер сарапқа салынып жатыр.

    Айта кетейік, боччадан Қазақстан чемпионаты 31 мамырға дейін жалғасады.

    СИЯЗБЕК ДАЛИЕВ ПАРА ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМ СЕРИЯСЫНЫҢ 2 ДҮРКІН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ.

    17 – 19 мамыр аралығында Сингапур қаласында пара жүзуден әлемдік сериясы өтті. Аталмыш жарысқа 21 елден 126 – дан астам спортшы сынға түсті. Пара жүзуден бас жаттықтырушы Айдар Картпаев:

    «Пара жүзуден классификациялық әлем сериясы өтті. Ұлттық құрама қатарында Кенжебек Диас, Жұмағали Нұрдаулет, Далиев Сиязбек, Габидуллина Зульфия өнер көрсетті. Елордалық пара спортшы Сиязбек Далиев жарыстың 1 – 2 күндеріның қорытындысы бойынша 50 м баттерфляй мен 50 м арқамен жүзу дистанциялары бойынша қола медаль иеленді. Әлем сериясы – паралимпиадалық ойындары алдында норматив бойынша минималды ұпай санын беретін классификациялық жарыс болып есептеледі. Алдағы уақытта да әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстар бар. Ұлттық құрама лицензияны иелену тер төгіп, аянбай еңбектенуде. Жақсы нәтиже көрсетеміз деген үміттемін» — деді.

    RUN FOR AUTISM: АСТАНАДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАСЫ ЭКОАКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

    Бүгін елордада екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Run for Autism» қайырымдылық жарысына қатысушылар «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсетті. «Run for autism» шарасы Астана қаласы әкімдігі, «Болашақ» корпоративтік қоры мен өзге серіктестердің қолдауымен ұйымдастырылды.

    Жүгірісті қолдауға қала тұрғындарынан бөлек, Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі қалалық спорт басқармасының басшысы Василий Левит, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен 5 шақырымда арнайы қатысты.

    Қайырымдылық жүгіріске қатысуға Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Орал, Өскемен, Қызылорда, Көкшетау, Екібастұз, Степногорск, Талдықорған, Шахтинск, Ақтөбе, Семей, Арқалық, Атырау, Қостанай қалаларынан барлығы 2330 адам өтінім білдірген. Жүгіріске кәсіби және әуесқой спортшылар, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар, дамуында ерекшеліктері бар 120 бала, ата-аналар және т.б. қатысты.

    Бүгінгі жарысқа Астана қаласының пара спортшылары да қатысты. Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» КММ ата-аналар тобының төрайымы Пернеш Әбдікәрімова аутизмі бар балаларды қолдауға арналған шара өзінің менталдық бұзылысы бар ұлы Қадыржанның туған күнімен тұспа тұс келгенін айтты. Жарыс алдында Шәріп Қадыржанға ұйымдастырушылар құрмет көрсетіп, сертификат табыс етті.

    Run for autism шарасына қатысушылардың бірі бұған дейін бірнеше марафондарды бағындырған, Арбадағы үлкен теннистен ел Чемпионатында, Қазақстан Кубогінде жүлделі орындар алған, BNP Paribas Әлем кубогы Азиа іріктеу кезеңіне қатысушы Дінмұхамет Әлияқпаров азаматтарды ізгі іспен айналысып, қайырымдылық жасауға шақырды.

    Run for Autism қайырымдылық жарысы қорытындыланған соң қатысушылардың барлығы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсетті. Олар спортшылар жүгіріп өткен жолдар мен айналаны қоқыстардан, қағаз бен басқа да пластик бұйымдардан тазартты.