Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит мүгедектігі бар спортшылармен кездесіп, оқу — жаттығу барысын бақылады.

    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит мүгедектігі бар спортшылармен кездесіп, оқу — жаттығу барысын бақылады. Кездесу барысында спортшылар тілдесіп, түйіткілді мәселелерді атап, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөліскен болатын. Басқарма басшысы Василий Алексеевич рухы мықты спортшыларға алдағы уақытта республикалық, халықаралық жарыстар алдында сәттілік тілеп қайтты.

    ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ӘЛЕМ: АСТАНАДА СПОРТШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

    Олимпиадалық қозғалысты насихаттау және спортшыларымызды қолдау мақсатында арнайы іс-шара өтті.

    Отандық спорт үшін 2024 жылдағы басты дода – Париж Олимпиадасы мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. Осы орайда бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, ауыр атлетикадан 2 дүркін әлем чемпионы Светлана Подобедова, парапауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева салтанатты іс-шараға қатысып, әлемдік бәсекеге қатысатын жерлестерімізге сәттілік тіледі.

    Париж Олимпиадасының басталуына 70 күн, Париж Паралимпиадасының басталуына 102 күн, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының басталуына 111 күн қалды.

    Аз ғана мерзім қалса да, отандастарымыз әлі толыққанды жолдама алмады. Дәл қазіргі сәтте спорттық гимнастика мен үстел теннисінен спортшыларымыз Өзбекстанда бақ сынап жатса, брейкинг пен құзға өрмелеушілеріміз Қытайда лицензияға таласуда. Бүгінгі шараның өткеніне өте қуаныштымын. Барлықтарыңызды қолдауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын, — деді Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев.

    Әзірше Париж Олимпиадасы бойынша Қазақстан қоржынында 51 лицензия бар.

    Париж Паралимпиадасының жолдамасына Астана қаласынан 5 параспортшы әлі таласып жатыр. Парадзюдодан шешуші ұпай үлестірілетін жарыс Тбилисиде ұйымдастырылып, маусым айында толық рейтинг жарияланады. Дәл қазіргі сәтте Ақмарал Науатбек әлемдік рейтингте 1-орын, Ерғали Шамей 3-орында, Бауыржан Арыстанбек 6-орында тұр. Паратеннистен де Алтынай Ержанқызының мүмкіндігі бар. Ал паражүзуден Токио Олимпиадасының қатысушысы Сиязбек Далиев нормативті орындағанымен, әлі толық шешім шықпады.

    Соңғы жылдардағы көрсеткіштерге қарап, елордамызда параспорт қарқынды дамып жатыр деуге негіз бар. Мысалы, 2018 жылы Джакартадағы Азия Пара ойындарына Астанадан 5 параспортшы қатысса, 2023 жылы Ханчжоуда олардың саны 2 есеге артты, — деді қалалық «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» КММ басшысы Азамат Тағаев.

    Айта кетейік, қатысушылар тек қана танымал спортшыларды көріп қана қоймай, түрлі викторина сұрақтарына жауап берді.

    ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЕЛОРДАЛЫҚ ҚОС СПОРТШЫ ҚОЛА МЕДАЛЬДІ ЖЕҢІП АЛДЫ.

    20 – 22 сәуір аралығында Амман (Иордания) қаласында F20 халықаралық турнирде Елордалық пара теннисшілер олжалы болды. Спорттық додаға Үндістан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Ирак, Шри-Ланка, Кувейт, Сирия, Кипр, Йемен және Қазақстан елдерінің спортшылары сынға түсті.

    Атап айтқанда, Таш Балзия әйелдер арасында 6 — 10 жекеше санатта және аралас – жұп XD17-20 санатта – 3 орынды иеленді. Ал Степанова Александра әйелдер арасында 4 жекеше санатта, аралас – жұп XD 7 — 10 санатта – 3 орын алды. Елордалық спортшылар намысты қолдан бермей, жарыс биігінен көрінді.

    Таш Балзия жекелей ойында 3:0 есебімен Ирандық ADLEFI Tiba Mohammed Hameed жеңді. Аралас – жұп ойынында Өзбекстан елінің спортшысы Murodullaev Sunnatillo бірге өнер көрсетіп, БАӘ спортшысы SIRAJ Nasser Alhassany 3:0 есебімен басым түсіп, жүлделі 3 орынды иеленді.

    Бұл турнирде Степанова Александра Үндістан елінің спортшысы RATHOD Ushabahen Ramjibhai жеңіп, Иордания елінің спортшысы AL AZZAM Fatmeh 3:2 есебімен тізе бүктірді. Сонымен қатар, аралас – жұп ойында Ұлыбриятания елінің спортшысы HEAPS Simon мен өнер көрсетіп, 3:0 есебімен Үндістандық SINGH Trivendra мен RATHOD Ushabahen Ramjibhai жұбы мен Иордания елінің спортшылары AL SHAMAILEH Mazen Mahd AL AZZAM Fatmeh жеңіп, жүлделі 3 орынды еншіленді.

    Айта кетейік, 29 сәуір күні Таш Балзия мен Степанова Александра Подгорица қаласында (Черногория) өтетін пара үстел теннисінен халықаралық F20 турнирінде өнер көрсететін болады.

    АЗИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЛАЙ МАРАФОНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

    Бүгін Алматы төрінде жетінші рет ұйымдастырылған жартылай марафон өз мәресіне жетті. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты (Virtus World Half Marathon & 10K Road Race Championships 2024) ұйымдастырылды. Оған 8 елдің спортшылары яғни, Португалия, Болгария, Жапония, Польша, Қытай, Испания, Швеция және Қазақстан қатысты. Қазақстан атынан алты спортшы өнер көрсетті. Оның бесеуі Астана қаласының спортшылары. Атап айтқанда, Әмір Алпамыс, Дастан Ордабай, Ерсайын Хасенов, Алдияр Аскаров пен Азамат Әшірбай.

    8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгірді.

    Айтулы әлем чемпионатында Астана қаласының екі спортшысы 10 шақырымды бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Дәлірек айтсақ, ii3 санатында өнер көрсеткен Дастан Ордабай 47 минут 41 секунд ішінде жүгіріп өтіп алтыннан алқа тақты. Ал, Азамат Әшірбай  51 минут 48 секунд ішінде жүгіріп күміс жүлдегер атанды.

    Іс-шараны «Бірінші болу батылдық» қоры мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

    ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: САБЫРЖАН ХАПИЗОВ СУРДО ДЗЮДОДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

    Түркістанда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дзюдо күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Бас аяғы Қазақстан тарапынан 24 спортшы өнер көрсетті.

    Айтулы бәсекеде, Астана қаласының спортшысы Сабыржан Хапизов (+100 кг) жеңіс тұғырынан көрінді. Ол жарыстың екінші күнінде ел қоржынына үшінші қола жүлдені сыйлады.

    Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған байрақты бәсекеге әлемнің 24 елінен 200-ден астам спортшы бақ сынады.

    Осылайша, Қазақстан сурдо дзюдо құрамасы әлем чемионатының жекелей жарысын 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдемен жалпыкомандалық кестесінде жалпыкомандалық ІІ орынмен аяқтады. Ал командалық чемпионатта ерлер құрамасы алтыннан алқа тақса, әйелдер құрамасы қола жүлде еншіледі.

    ТҮРКИЯНЫҢ АНТАЛЬЯ ҚАЛАСЫНДА ПАРА ДЗЮДОДАН ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «GRAND PRIX — 2024»ДОДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

    Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған елордалық Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта (J1) жарыстың қола жүлдегері атанды.

    Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.

    Аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.

    ЕЛОРДАЛЫҚ СУРДО СПОРТШЫ АХМЕТОВ РУСЛАН ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ.

    25 — 30 наурыз аралығында Бішкек қаласында сурдо таеквондодан 2 — ші Әлем чемпионаты өтті.

    Аталмыш спорттық додода Елордалық спортшы Ахметов Руслан 2 орын иеленді.

    Айта кетейік, ел намысын жас спортшы Затаева Адэляда қорғады.Әлем чемпионатына 20 елден 200 — ге жуық спортшы бақ сынады.

    Сурдо таевквондо спортшысы Ахметов Руслан:

    “Жетістікке жетуімен себепкер болған жаттықтырушыма алғыс білдіремін. Маған әрқашан қолдау білдіретін, сенім артатын, жігерлендіретін.Бұл әлем чемпионатына 6 ай көлемінде дайындалдық.Ел намысын аянбай қорғайтын боламыз.Бұл — тек бастамасы”- деді.

    «ҮМІТ СӘУЛЕСІ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒАШҚЫ ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ СПОРТТЫҚ ДРАМА ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

    Елордадағы «Сарыарқа» сауда және ойын-сауық орталығының кинотеатрында Ұлттық кино орталығының қолдауымен Dala cinema компаниясы түсірген «Үміт сәулесі» фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

    «Үміт сәулесі» фильмінің басты кейіпкері Астана қаласының пара спортшысы Ерғали Шамей. Монғалияда туған қандасымыз 18 жасында Қазақстанға көшіп келіп, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортқа бет бұрған. Өзінің жауынгерлік болмысы, еңбекқорлығы және спортқа ептілігінің арқасында жерлесіміз Қазақстанның пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, пара дзюдодан Әлем және пара Азия ойындарының чемпионы болып табылады.

    Айта кетелік, парадзюдодан әлем чемпионы Ерғали Шамейдің өміріне негізделген фильм биыл Францияда өтетін Паралимпиада ойындарының алдында ел спортшыларына қолдау көрсетіп, жетістіктеріне лайықты назар аударуға да септігін тигізеді.

    Фильмде басты кейіпкерді сомдау елімізге танымал актер Назар Шерханға бұйырыпты. Назарды рөлге бекітуге бірден-бір себеп кейіпкердің прототипіне сыртқы келбетінің қатты ұқсастығы дейді түсірілім тобы. Фильмде сонымен бірге Ерғалидің прототипі де эпизодтық рөлді сомдаған.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша алдағы уақытта шынайы оқиғаға құрылған фильмнің телеарнадан көрсетілуіне күш салынатын болады.

    Фильмді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» тапсырысы бойынша DALA cinema компаниясы түсірді.

    XX-ШЫ ҚЫСҚЫ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ: ЕЛОРДАЛЫҚ СҰЛТАН ҚОЖАХМЕТОВ КОМАНДАЛЫҚ ШАХМАТТАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

    XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Ал жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңді, күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды.

    Ұлттық құрама сапында Астана қаласының спортшысы әрі команда капитаны Қожахметов Сұлтан ойнады.

    «Классикалық шахматтан жарыс қызу өтті, қарсыластарымыз осал болмады. Ойын барысында еліміздің спортшылары Италия, Германия және Сербия құрама командаларын жеңіп, Украина мен Польша командаларымен тең ойнап, тек Хорватия командасына есе жіберген болатын. Жарыстың нәтижесінде командамыз 7 турдан өтіп, он үш команда арасында үшінші орынға тұрақтады», — деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

    Айта кетсек, XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтті.

    Жарысқа Қазақстан тарапынан 26 спортшы шахматтан, сноубордтан және шаңғы жарысынан қатысты.

    ҚОЛ КҮРЕСТЕН МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН …

    ҚОЛ КҮРЕСТЕН МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛОРДА ҚҰРАМА СПОРТШЫЛАРЫ 2 — АЛТЫН, 1 — КҮМІС, 5 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ.

    Тараз қаласында қол күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. 350 — ге жуық тірек — қимыл аппараты зақымдалған, есту мүшесі зақымадлған спортшылар өз — ара сынға түсті.

     

    Спорттық доданың нәтижесі бойынша :

    🥇Балтабаев Нұрлан (70 VI), Камзаев Ержан (+100 HI)

    — 1 орын;

    🥈Шайхина Нүргүл (60 HI) — 2 орын;

    🥉Кабулов Асхат(80 PIU), Ескенов Ержан (55 CPD), Аушамов Серікбай( 75 PID), Кожемякин Руслан (+100 VI), Мухаммед Зайырахмет (+100 VI) — 3 орын;

     

    “Аталмыш дода қол күрестен әлем чемпионаты мен азия чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Айтп кетейін, азия чемпионаты — Иран, ал әлем чемпионаты — Молдова елінде өтеді. Қазрігі таңда жоспарланған жарыстарға дайындықты бастайтын боламыз” — деді жаттықтырушы Заир Ахмедов.