Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ ЕРЖАНҚЫЗЫ АЛТЫНАЙ ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ITTF Fa 20 ТУРНИРІНДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬДІ ИЕЛЕНДІ.

    6 — 9 наурыз аралығында Италия елінің Линьяно-Саббьядоро қаласында пара үстел теннисінен лицензиялық турнирге әлемнің 43 елінен 300 спортшы қатысты.

    Елордалық спортшы Ержанқызы Алтынай аралас — жұп сынында Махулбеков Алимен XD17 классында өнер көрсетіп, жүлделі 3 орынды иеленді.

    БОЧЧАДАН АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Боччадан Сұлтан Орынбасаровты еске алуға арналған ашық республикалық турнир мәресіне жетті.

    Еліміздің 10 аймағынан 70-ке жуық спортшылары бас қосқан жарыс 3 күнге жалғасып, жасөспірімдер және ересектер арасында жеңімпаздар белгілі болды.

    Республикалық жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы 3-орын, Павлодар облысы 2-орын, Жетісу облысы 1-орынды иеленді.

    Турнирдің шешуші күні жүлдегерлерді марапаттауға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.

    Мәулен Әшімбаев жарыс өте тартысты өткенін айтып, Паралимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрінде еліміздегі бәсекелестіктің күшейгенін атап өтті.

    Қазақстан бочча федерациясының президенті қатысушыларға алғысын білдіріп, боччаны дамытуға қарқынды үлес қосып жүрген аруларымызға жеке алғысын білдірді.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта республикалық және аймақтық деңгейде бірнеше жарыстар өткізіледі.

    ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ITTF Fa20 ASTANA PARA OPEN 2024: АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

    Күні кеше Қазақстанның елордасы Астана төрінде жалауы желбіреген пара үстел теннисінен халықаралық турнирдің бірінші жарыс күні аяқталды.

     

    Жарыстың алғашқы күнінде жекелей разряд нәтижесінде үш бірдей жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтар болсақ ITTF Fa20 Astana para open 2024 халықаралық турнирінде ұлттық құраманың мықты ойыншысы елордалық Алтынай Ержанқызы 9-10 санат бойынша қола жүлдеге қол созды.

     

    Сондай-ақ, 4-ші және 8-ші санат бойынша сынға түскен жерлестеріміз Александра Степанова мен Балзия Таш үздік үштіктер қатарын толықтырды.

     

    Байрақты бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қалалық Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының басшысы Азамат Тагаев қатысты.

     

    Енді отандастарымыз бүгін және ертең айтулы доданың жұптық, жұптық — аралас түрлерінен бақтарын сынайды.

     

    «Қазақстан құрамасы аталмыш додада жоспарлағанымыздай сәтті аяқтады. Десе де біз үшін турнир аяқталды деп айтуға әлі ерте. Ертең жұптық, жұптық — аралас, жарыста бақ сынаймыз. Жекелей сайыс бойынша құрама жоспарды толық орындады. Жеңімпаз және жүлдегерлер атанған спортшылардың басым бөлігі халықаралық жарыстарға алғаш рет бақ сынауда. Осындай халықаралық дәрежедегі алғашқы жарыстарына қатысып, халықаралық клас алған спортшылар қатары толықты. Құрама команда спортшылары намысты қолдан бермеді. Мұнда ойын аланыңа шыққан әрбір пара спортшы ерекше құрметке ие және олардың ерік-жігері бәрімізге үлгі деп ойлаймын», — дейді пара үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Медет Байкен.

     

    Айта кетейік, халықаралық турнир тірек–қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында, сондай-ақ интеллектуалды мүмкіндіктері шектеуі спортшылар арасында Астана төрінде алғаш рет өтіп жатыр.

     

    Наурыздың 3-не дейін жалғасатын жарыста әлемнің 17 елінен келген пара спортшылар Астанадағы ADD Tabletennis center үстел теннисі орталығында шеберліктерін сынайтын болады.

    АСТАНАДА ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АЛҒАШ РЕТ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

    Астанада пара үстел теннисінен алғаш рет ITTF Fa20 Astana para open 2024 турнирі басталды.

    1-3 наурыз аралығында өтетін жарыста әлемнің 18 елінің ең үздік параспортшылары бақ сынап жатыр. Олардың арасында Паралимпиада чемпиондары Елена Прокофьева (Ресей), Уилл Бэйли (Ұлыбритания), Алена Канова (Словакия), Лондон Паралимпиадасының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Томми Урхайг (Норвегия) және бірнеше Паралимпиада, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар.

    Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.

    «Пара үстел теннисінен турнир тұңғыш рет Астанада ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымыз. Әлемнің 20-ға жуық елінен 150-дей ең үздік спортшы қатысып жатыр. Бәріңізге сәттілік тілеймін!» — деді елорда әкімінің орынбасары Е.Байкен.

    Айта кетейік, ITTF Fa20 para open деңгейлі турнир жылына 14 рет ұйымдастырылады. Оның 4-еуі Париж Паралимпиадасына ұпай жинайтын жарыс саналады. Ал Астанадағы бәсеке Паралимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін дода болып саналады. Қазақстан атынан 11 санат бойынша 53 спортшы сынға түсіп жатыр.

    «Астанада осындай деңгейдегі турнирдің өткеніне қуаныштымын. 9-шы санаттағы қарсыластарым өте мықты. Әсіресе, Аустралиядан келген Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Мелисса Тапперді ерекше атар едім. Бұйырса, чемпион атануға барымды саламын», — дейді турнирдің ең жас қатысушыларының бірі елордалық Алтынай Ержанқызы.

    XX ҚЫСҚЫ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ: ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА АТТАНДЫ

    Күні кеше есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтетін XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарына ұлттық құраманы ресми шығарып салу рәсімі Алматы қаласында өтті.

    20-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтеді. Дүбірлі додаға 36 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыста тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал және керлинг спорт түрлерінен 34 комплект медаль ойнатылады.

    Қазақстан тарапынан осы қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан 26 спортшы қатысады. Дүбірлі додада ел намысын шахмат жарысы бойынша қос Астаналық сурдо спортшылар қорғайды. Атап айтқанда Алия Муратова мен Сұлтан Қожахметов.

    Шара барысында қысқы Сурдлимпиада ойындарының ашылу салтанатына еліміздің туын ұстап шығу мәртебесі шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері елордалық Сұлтан Қожахметовке тапсырылды. Спортшыға туды Сиднейде өткен жазғы олимпиада ойындарының жеңімпазы Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов табыс етті.

    «Шахматпен айналысқаныма 10 жылдан астам уақыт болды. Биыл алғаш рет қысқы сурдлимпиада ойындарына қатысқалы тұрмын. Бұл жарыста еліміздің туын ұстап шығу мен үшін үлкен абырой. Ел үмітін ақтап, үздіктер қатарында болуға барлық күш жігерімді саламын!», — деді Сұлтан Қожахметов.

    XX ҚЫСҚЫ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ: ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА АТТАНДЫ

    Күні кеше есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтетін XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарына ұлттық құраманы ресми шығарып салу рәсімі Алматы қаласында өтті.

    20-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтеді. Дүбірлі додаға 36 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыста тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал және керлинг спорт түрлерінен 34 комплект медаль ойнатылады.

    Қазақстан тарапынан осы қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан 26 спортшы қатысады. Дүбірлі додада ел намысын шахмат жарысы бойынша қос Астаналық сурдо спортшылар қорғайды. Атап айтқанда Алия Муратова мен Сұлтан Қожахметов.

    Шара барысында қысқы Сурдлимпиада ойындарының ашылу салтанатына еліміздің туын ұстап шығу мәртебесі шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері елордалық Сұлтан Қожахметовке тапсырылды. Спортшыға туды Сиднейде өткен жазғы олимпиада ойындарының жеңімпазы Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов табыс етті.

    «Шахматпен айналысқаныма 10 жылдан астам уақыт болды. Биыл алғаш рет қысқы сурдлимпиада ойындарына қатысқалы тұрмын. Бұл жарыста еліміздің туын ұстап шығу мен үшін үлкен абырой. Ел үмітін ақтап, үздіктер қатарында болуға барлық күш жігерімді саламын!», — деді Сұлтан Қожахметов.

    2023 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы атынан сынға түскен спортшылардың арасынан ең үздіктері анықталып, марапатталды.

    Биылғы 2023 жыл баршамызға спорт саласында жеңісті тұғыр, жұлдызды оңынан туған сәттерге толы болды. Республикалық та, халықаралық жарыстарда да жерлестеріміз әлемдік қауымдастық алдында ел абыройы мен мәртебесін арттырды.
    Пара спортшыларымыз халықаралық жарыстарда, Паралимпиада, Азия Пара ойындарында ел намысы сыналатын маңызды додаларда жарқын жеңістерімен қуантып, әркез ел үмітін ақтап келеді. Мәселен, Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарынан елордалық спортшылар елге 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен оралды.
    Мерекелік кеште спорт саласының үздік спортшылары, жаттықтырушылары мен спорт саласына сүбелі үлес қосқан тұлғаларға арнайы марапаттар табысталды.
    ✅Әйелдер арасында «үздік спортшы» номинациясы пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақмарал Науатбекке табысталды.

    ✅Ерлер арасында «үздік спортшы» номинациясын пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ерғали Шамей иеленді.

    ✅Сонымен қатар, пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Дәурен Оразов жыл жаттықтырушысы атанды.

    ✅Іс – шара барысында «БЖСМ, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» мекемесі «жылдың үздік мекемесі» атанды.

    «Үміт сәулесі» фильмінің басты кейіпкері Астана қаласының пара спортшысы Ерғали Шамей.

    Моңғолияда туған қандасымыз 18 жасында Қазақстанға көшіп келіп, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортқа бет бұрған. Өзінің жауынгерлік болмысы, еңбекқорлығы және спортқа ептілігінің арқасында жерлесіміз Қазақстанның пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, пара дзюдодан Әлем және пара Азия ойындарының чемпионы болып табылады.
    Фильмді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» тапсырысы бойынша DALA cinema компаниясы түсірді.
    Спорттық фильм жақын арада телеарналардан көрсетілетін болады.

    Фильмнің мақсаты – көрерменге мотивация беру арқылы жаңа биіктерді бағындыруға итермелеу, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу.Фильм шынайы оқиға негізінде құрылған және картинада биік мақсатқа қол жеткізген басты кейіпкердің ерлігі әсерлі жеткізілген.
    Басты кейіпкер шаршы алаңда ғана емес, өз санасындағы күресті жеңеді. Себебі кез-келген қиындыққа түскен адам өз ішіндегі күдіктерден арылмай алға жылжи алмайтынын көбіміз біле тұра ұмытып кетеміз. Сондықтан оның базардағы, үйіндегі оқиғаларына басты акцент жасалады.

    Режиссёр: Д. Еркімбек
    Продюсер: Ж. Тлеубергенов
    Компания: «Dala Cinema» ЖШС

    Пара дзюдодан ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті

    Алматы облысында “Байтерек” спорт базасында 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында пара дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
    Аталған ел біріншілігіне еліміздің 12 өңірінен 100- ге жуық пара спортшы сынға түсті.Астана қаласының намысын Науатбек Ақмарал(J2),
    АрстанбековБауыржан(J1),Нурдаулетов Асылан(J1),Жамауов Азамат(J2),
    Бекентаев Ерболат (J1) қорғады.
    Жарыс қорытындысы бойынша Елорда құрама командасы 4 алтын, 1 қола медаль олжаланып, жалпы командалық 1 орынды иеленді.
    Жарыс нәтижесін ұсынамыз:👇
    Науатбек Ақмарал (J2 — 48 кг) – 1 орын;
    Жамауов Азамат (J2 — 60 кг) – 1 орын;
    Нұрдаулетов Асылан (J1 — 73 кг) – 1 орын;
    Арстанбеков Бауыржан ( J1 — 90 кг) – 1 орын;
    Бекентаев Ерболат (J1 — 90) – 3 орын

    «ТОҚТА, ВАНДАЛ»: ЕЛОРДАЛЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАРҒА ВАНДАЛИЗМ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында қалалық спорт басқармасына қарасты балалар — жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің есту мүшесі зақымдалған спортшыларына «Тоқта, вандал» бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Түсіндірме жұмысы барысында аталмыш мекеме қызметкерлері пара спортшыларға қалалық мүліктің бүлінбеуі мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы жайында бейне сюжет көрсетіліп, мысалдар келтірілді.
    Қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиеваның сөзінше мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты өтетінің тілге тиек етті.
    — Қоғамдық тәртіпті насихаттауға арналған осындай кездесулерді елорданың әрбір ауданында орналасқан спорттық мектептерде және кешкі жаттығу барысында жиі ұйымдастырып отырамыз. Өздеріңіз білесіздер мемлекет басшысы даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне баса назар аударған болатын. Осыған орай 2023 жылы қалалық әкімдікпен бірлесе отырып және мемлекет басшысының аталған Жолдауы аясында елорда да вандализммен күрес жұмысы күшейтілген болатын. Алдағы уақытта да вандализм және қоғамдық тәртіп шаралары бойынша спортшылармен кездесулерді үзбей өткізетін боламыз -, деді ол.
    Айта кетейік, өткен жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы жұмыс істейді.
    Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.