Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ПАРА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН VII СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ!

    VII Спартакиада аясында пара жеңіл атлетикадан 12–17 маусым күндері Алматыда өткен жарыс өз мәресіне жетті! Еліміздің 19 өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысқан сайыста елорданың атынан 20 спортшы сынға түсіп, тамаша нәтиже көрсетті!

    Жүгіру бойынша:
    • Сулейменова Айсулу — 🥇 -орын (100 м, 200 м)
    • Хасенов Ерсаин — 🥇 -орын (1500 м)
    • Хасан Далида — 🥈 -орын (100 м, 200м)
    • Сагбосынова Алина — 🥉-орын (200 м, 400 м)
    • Ордабай Дастан — 🥉-орын (400 м)

    Ядро лақтыру бойынша:
    • Шуйнишев Даулет — 🥇-орын
    • Санатов Бакдаулет — 🥈-орын
    • Потешин Слава — 🥈-орын
    • Каликова Елена — 🥈 -орын
    • Антипина Кристина — 🥉 -орын
    • Турдубаев Нурсултан — 🥉 -орын
    • Фалей Роман — 🥉 -орын

    Найза лақтыру бойынша:
    • Каликова Елена — 🥇 -орын
    • Санатов Бакдаулет — 🥇 -орын
    • Шуйнишев Даулет — 🥈 -орын
    • Потешин Слава — 🥈 -орын
    • Антипина Кристина — 🥉 -орын

    Диск лақтыру бойынша:
    • Каликова Елена — 🥇 -орын
    • Шуйнишев Даулет — 🥇 -орын
    • Антипина Кристина — 🥇 -орын
    • Санатов Бакдаулет — 🥈 -орын
    • Потешин Слава — 🥈 -орын
    • Фалей Роман — 🥈 -орын

    Ұзындыққа секіру:
    • Хасан Далида — 🥈 -орын

    Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

    ПАРА ОҚ АТУДАН VII СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ!

    VII Спартакиада аясында пара оқ атудан 12–18 маусым күндері Алматыда өткен жарыс өз мәресіне жетті! Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 70-ке жуық спортшы қатысты. Елорданың атынан 8 спортшы өнер көрсетті. Жалпыкомандалық есепте Астана қаласы үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды! 🏆

    Жүлдегерлеріміз:
    🥇 1 орын
    • Алиева Севда — P2, P6
    • Пасхалиди Александр — P1, P6
    • Тулегенова Айгерім — R3

    🥈 2 орын
    • Тулегенова Айгерім — R10
    • Оторбаев Ардақ — R10

    🥉 3 орын
    • Федюкин Виктор — R5
    • Тастеміров Қайрат — R4
    • Ермаков Никита — P1
    • Тулегенова Айгерім — R2

    Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

    ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН VII СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ СӘТТІ ӨТТІ!

    VII Спартакиада аясында пара пауэрлифтингтен 9–14 маусым аралығында Тараз қаласында өткен жарыс өз мәресіне жетті!
    Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 186 спортшы қатысты. Оның ішінде 152-сі тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, 34-і көру қабілеті төмен спортшылар. Елорданың намысын 9 спортшы қорғады.

    Жүлделі орынға ие болғандар:
    Надыров Вазир – 🥇-орын (54 кг дейін)
    Абильханов Данияр – 🥇-орын (көру бойынша, 125 кг дейін)
    Рахатулы Куаныш – 🥉-орын (54 кг дейін)
    Байлин Канат – 🥉 -орын (107 кг дейін)

    Барша спортшыларымызды құттықтаймыз!

    ПАРА КАНОЭДАН АЗИЯНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ТАЙЛАНДТА БАС ҚОСТЫ!

    12-15 маусым күндері Районг қаласында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне сәтті жетті! Көк туымызды арқалап барған Армия Мейржан су үстінде ерлік көрсетіп, ел қоржынына қос бірдей жүлде салды!🇰🇿

    🥈-орын- 500 м (VL-2 классы)
    🥉-орын- 200 м (VL-2 классы)

    15 елден келген 100-ге жуық спортшы арасынан суырылып шыққан Мейржан — өз елінің намысын абыроймен қорғап, толқынды су бетінде жігері мен шеберлігін сынға салды.

    Құттықтаймыз, Мейржан! Сенің жеңісің — болашақ чемпиондарға жол!

    ПАРА САДАҚ АТУДАН VII СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ!

    Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы аясында 7-11 маусым аралығында Астана қаласында өткен пара садақ ату жарысы өз мәресіне жетті! Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 60-қа жуық спортшы қатысып, мергендік пен шеберлік сынға түсті. Елорда намысын қорғауға Астана қаласының құрама командасынан 12 спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есеп бойынша Астана қаласы жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орынға ие болды! 🏆


    Жеке жарыс нәтижелері:

    🥇-орын – Нұрмашев Альжан (көру мүмкіндігі шектеулі санаты)
    🥇және🥈-орын – Жетпысбаева Гүлмира (көру мүмкіндігі шектеулі санаты)
    🥉-орын – Волошина Елена (классикалық садақ ату)

    Командалық жарыс нәтижелері:
    🥉-орын – аралас жұптар санаты: Аушамов Серікбай мен Волошина Елена
    🥉-орын – әйелдер командасы: Ибраева Баян мен Шаймағанбетова Гүлмира (блоктық садақ ату)

    Алдағы жарыстарда да жеңісті күндер көп болсын!

    ФУТЗАЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АЛДЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ!

    22 мамыр мен 12 маусым аралығында Шымкент қаласында есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасында 14–27 маусым күндері Италияда өтетін әлем чемпионатының алдында футзалдан оқу-жаттығу жиыны өтуде. Қазақстан намысын қорғау – бұл үлкен абырой, ал әлем алдында елдің байрағын желбірету – нағыз ерлік.

    БОЧЧАДАН VII СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ!

    Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы аясында 3-8 маусым аралығында Астана қаласында өткен бочча жарысы өз мәресіне жетті! Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 98 спортшы қатысып, өзара бақ сынады. Астана қаласының құрама командасы 9 спортшымен Елорда намысын қорғады. Жалпыкомандалық есеп бойынша Астана қаласы үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды! 🏆
    Жекелей сын нәтижесі бойынша:
    ВС1 санаты:

    • Уразбек Мейірбек – 🥈-орын
    • Алмат Ерхат – 🥉-орын
    ВС2 санаты:
    • Шингисханова Итиана – 🥇-орын
    • Тлебалды Меруерт – 🥉-орын
    ВС3 санаты:
    • Кашкова Аяулым – 🥈-орын
    Командалық жарыс нәтижесі:
    • Шингисханова Итиана, Алмат Ерхат , Тлебалды Меруерт – 🥇-орын
    Жұптық жарыс (ВС3):
    • Алтынсары Темірлан, Кашкова Аяулым – 🥈-орын

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

    ПАРА БИДЕН VII СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСПЕН АЯҚТАЛДЫ!

    Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы аясында 4-5 маусым күндері Астана қаласында өткен пара би жарысы керемет атмосфера мен жарқын жеңістерге толы болды! 6 өңірдің үздік бишілері бас қосқан додада Астана қаласының құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, көптеген жүлделі орындарға ие болды! 🏆

    🥇-орын иегерлері:
    • Сыздыков Абай – Single men class 1
    • Сыздыков Абай – Бегленова Айдана – Combi Latin class 1 & Combi Standard class 1
    • Гиса Газал – Бехайри Аруа – Combi Freestyle class 1
    🥈-орын:
    • Бехайри Аруа – Single woman class 1
    • Сыздыков Абай – Бехайри Аруа – Duo Freestyle class 1
    • Жылкайдаров Димаш – Рысбекова Акбота – Combi Latin class 2
    • Бехайри Аруа – Single woman freestyle class 1
    • Сыздыков Абай – Single men freestyle class 1
    🥉-орын:
    • Жылкайдаров Димаш – Рысбекова Акбота – Combi Freestyle class 2
    • Абуов Курбанали – Тажикова Эльвира – Duo Freestyle class 2

    Сонымен қатар, бірнеше қатысушы финалға өтіп, 4-8 орын аралығында өнер көрсетті. Бұл – үлкен еңбектің, дайындықтың және спорттық рухтың жемісі!
    Жалпы командалық есеп бойынша Астана қаласы 1-орын иеленді! 🏆
    Пара бишілерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

    VII СПАРТАКИАДА: ДОЙБЫ ЖӘНЕ ШАХМАТ ТУРНИРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!

    Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы аясында 3–8 маусым күндері Көкшетау қаласында дойбы және шахматтан жарыстар өз мәресіне жетті!
    Жалпы саны 91 спортшы қатысқан бұл бәсекеде:
    🔹 «100 шаршы» дойбыдан 15 команда құрамында 43 спортшы сынға түсті.
    Коханов Абелисхат 🥉-орын (ерлер арасында 2-тақта).

    🔹 Шахматтан жарысқа 84 спортшы қатысты.
    Тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Астана қаласының құрама командасы командалық есепте 🥇-орынға ие болды.

    Жекелей нәтиже бойынша:
    Майкенов Бакытжан — 🥇-орын (ерлер, 1-тақта)
    Муканов Адильжан — 🥇-орын (ерлер, 2-тақта)
    Камбарова Айганым — 🥇-орын (әйелдер, 3-тақта)

    Барлық спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

    VII СПАРТАКИАДА АЯСЫНДА ПАРА КАРАТЭ ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ!

    VII Спартакиада аясында Астана төрінде өткен пара каратэ жарысы өз мәресіне жетті!Еліміздің бес өңірінен келген үздік спортшылар татамиде тартысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады.
    Біздің спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді:

    🥇 Жүсіпова Ляззат
    🥇 Мұхамеджанов Дидар
    🥇 Билялов Рустам
    🥈 Молдахметова Айшат
    🥈 Алпесбаев Қанат
    🥈 Бекмұрат Айжан
    🥈 Нұрмағанбетов Жетес
    🥉 Махмеджан Камила

    Жалпы командалық есеп бойынша Астана қаласы – 1-орын иеленді!🏆
    Күміс жүлде – Жетісу облысына,
    Қола – Алматы облысына бұйырды.
    Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстары да жарыс көрігін қыздыра білді.
    Чемпиондарымызды шын жүректен құттықтаймыз!