Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ТҮРКІСТАНДА ПАРА КАНОЭДЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ!

    23–27 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында алғаш рет пара каноэдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

    🔹Бұл додаға еліміздің бес өңірінен – Астана мен Шымкент қалалары, Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарынан 20-дан астам спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
    🔹Астана қаласының құрама командасы чемпионатта жоғары нәтижелер көрсетті:

    🛶 Каноэ, 200 м
    Армия Мейржан — 🥇1 — орын (VL-2)
    Турсынова Айжан — 🥈2 — орын (VL-3)

    🚣‍♂️ Байдарка, 200 м
    Кабулова Фарида — 🥇 1- орын (KL-3)
    Армия Мейржан — 🥈 2- орын (KL-2)                                                                                                   Көпжасар Сартай — 🥉 3- орын (KL-3)

    Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

    ПАРА ҚОЛ КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІС!

    13–18 қыркүйек аралығында Болгарияның Албена қаласында пара қол күрестен әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 24 елден келген 547 спортшы күш сынасты.

    Елорданың намысын қорғаған спортшылар жарыста жоғары нәтиже көрсетті:

    🏆 Ескенов Ербол – 1-орын (сол қол), 1-орын (оң қол)
    🏆 Ермаков Никита – 1-орын (оң қол), 3-орын (сол қол)
    🏆 Буркитов Бекзат – 2-орын (сол қол), 3-орын (оң қол)

    Пара қол күрестен жаттықтырушы Ахмедов Заирдың айтуынша, бұл әлем чемпионатында бәсекелестік жыл сайын арта түсуде.
    «Чемпионат ойдағыдай өтті. Биыл 500-ден аса спортшы қатысып, бәсекелестік деңгейі ерекше жоғары болды. Біздің спортшылар бар күш-жігерін салып, өздерін лайықты көрсетті. Әсіресе, алғаш рет әлемдік аренаға шыққан Буркитов Бекзат сенімді өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді», – деді ол.

    Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!👏🏻

    АСТАНА СПОРТШЫЛАРЫ «ITTF WORLD PARA FUTURE TOKYO 2025» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

    Пара үстел теннисінен 10-12 қыркүйек аралығында Токионың Жапония қаласында өткен «ITTF World Para Future Tokyo 2025» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл турнирге 17 елден келген 134  спортшы бақ сынады. Айтулы додада Астана қаласының спортшылары ел намысын қорғап, үздік үштіктер қатарынан көрінді.

    Жарыс қорытындысы бойынша:

    • Таш Балзия — жеке разрядта қола жүлде.
    • Степанова Александра Үндістандық серіктесі Видья Кумаримен бірге әйелдер жұптық сайысында (WD10) қола жүлде иеленді.

    ВАЛЕРИЙ ЮГАЙ – БРОНЗОВЫЙ ПРИЗЁР ЧЕМПИОНАТА МИРА ПО ПЛАВАНИЮ

    С 20 августа по 1 сентября в Бангкоке, столице Таиланда, состоялся чемпионат мира по плаванию среди спортсменов с интеллектуальными нарушениями — «Virtus Swimming World Championships». В соревнованиях приняли участие около 300 спортсменов из 31 страны.                                                                                                                                          🔹 От Казахстана выступал Валерий Югай, который завоевал бронзовую медаль на дистанции 200 метров.
    🔹 По словам тренера Ернура Сайлаубека, этот чемпионат стал первым мировым стартом для спортсменов с интеллектуальными нарушениями в истории Казахстана.                         «Несмотря на наше первое участие, я оцениваю результат как очень достойный. Наши молодые спортсмены проявили огромную волю к победе и защитили честь страны на мировой арене на высоком уровне», – отметил он.

    Поздравляем нашего спортсмена с победой!

    ЖАЗҒЫ СУРДЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ: ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР САПТА

    08–27 тамыз аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауында XXV Жазғы сурдлимпиадалық ойындарына дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны өтуде. Қазақстан құрамасы сапында Елорда атынан Хапизов Сабиржан мен Файзулина Амина ел намысын қорғайды.
    Алдағы бәсекеде спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР «ASTANA 2025 BOCCIA CHALLENGER» ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ!

    22–27 тамыз аралығында Астанада өткен «Astana 2025 World Boccia Challenger» халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Бес күнге жалғасқан додаға 12 елден 56 спортшы қатысып, BС1, BС2, BС3, BС4 санаттары бойынша жеке, жұптық және командалық сайыстарда бақ сынады.

    Жеке сайыс нәтижесінде Елорда атынан сынға түскен Итиана Шингисханова (BС2) чемпион атанса, Ерхат Алмат (BС1) күміс жүлдеге қол жеткізді.
    Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3-орынды иеленді!

    «Бұл сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін Challenger турнирі жоғары деңгейдегі бәсеке болып саналады. Осы орайда жүзден жүйрік шыққан барша жүлдегерлерді құттықтаймын. Бұл жарыс біздің ұлттық құрамамыз үшін үлкен сын болды. Нәтижесінде олар бар үмітімізді ақтады. Жеке сайыста жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және аралас жұптық сайыста 1 алтын жүлдені еншіледі. Осы көрсеткіш арқылы параспортшыларымыз үлкен белесті бағындырды деп санаймын», – деді Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.

    Мұндай ауқымдағы турнирдің өтуі елдің инклюзивті спорт пен халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадамы болды.
    Барша жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

    ЕЛОРДАЛЫҚ ПАРАДЗЮДОШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!

    2025 жылғы 18–19 тамыз күндері Мысырдың Гиза қаласында көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан IBSA Grand Prix Egypt 2025 Әлем кубогы өтті!
    Бұл дүбірлі додаға 27 елден келген үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ел намысын қорғаған елордалық парадзюдошылар жоғары деңгейде белдесіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді:

    Шәмей Ерғали — 2-орын (J1 санаты)
    Нұрдәулетов Асылан — 5-орын (J1 санаты)

    Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орын иеленді!
    Ерекше дайындық пен табандылықты талап ететін бұл халықаралық додада ел мерейін үстем етіп, абыроймен оралған спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз

    ШЫМКЕНТТЕ ПАРА ДЗЮДОДАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

    4-14 тамыз аралығында Шымкент қаласында пара дзюдодан ересектер арасында Әлем кубогы алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтті. Ерғали Шамей және Нұрдәулетов Асылан Мысырда Қазақстан намысын қорғайды.

    АСТАНАЛЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ITTF WORLD PARA CHALLENGER ASTANA 2025 ТУРНИРІНДЕ 4 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ!

    30 шілде мен 3 тамыз аралығында алғаш рет Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара үстел теннисінен ITTF World Para Challenger Astana 2025 халықаралық турнирі өтті.

    Бес күнге созылған дүбірлі додада еліміздің атынан 39 спортшы бақ сынады. Олардың ішінде Астана қаласынан 9 спортшы ел намысын қорғап, жекелей, жұптық және аралас жұптық сайыстарда табысты өнер көрсетті.

    Жарыс нәтижелері:

    9-санат бойынша сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы, елордалық Алтынай Ержанқызы шешуші ойында үндістандық спортшы Прузви Жайдев Барвты 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ Алтынай жұптық сайыста WD14–20 санаты бойынша бейтарап спортшы Сафира Файзутдиновамен жұп құрап, күміс медаль жеңіп алды. Ал аралас жұптық сайыста Алтынай Ержанқызы Марат Суртубаевпен бірге өнер көрсетіп, тағы бір күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Сонымен қатар, астаналық Александра Степанова WD5–10 санатындағы жұптық сайыста түркиялық Хатис Думанмен бірге өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.

    Осылайша, елордалық параспортшылар жалпы есепте 4 жүлде жеңіп алды.

    АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ҮНДІСТАНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ!

    19–30 шілде аралығында Үндістанның Гоа қаласында ересектер арасындағы тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында классикалық шахматтан әлем чемпионаты өтті!
    Бұл халықаралық турнирге әлемнің 18 мемлекетінен 100-ге жуық спортшы қатысты.
    Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғаған астаналық спортшылар -Бақытжан Майкенов пен Айғаным Қамбарова жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді:
    Майкенов Бақытжан — 2- орын (блиц), 3-орын (классика)
    Қамбарова Айғаным — 2-орын (блиц, рапид), 3-орын (классика)
    Жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!