Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    Пара армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

    2026 жылғы 23–27 наурыз аралығында Тараз қаласында пара армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

    Аталған жарысқа еліміздің 15 облысынан, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларынан келген спортшылар қатысып, жалпы саны 17 команда және 295 спортшы бақ сынады.

    Астана қаласының атынан 11 спортшы қатысып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

    🥇 Буркитов Бекзат — 1 орын
    🥇 Антропов Сергей — 1 орын
    🥇 Макенай Есенгельды — 1 орын

    🥈 Балтабай Нұрлан — 2 орын
    🥈 Кабулов Асхат — 2 орын
    🥈 Абдеханов Арыслан — 2 орын
    🥈 Ескенов Ербол — 2 орын
    🥈 Рыжкова Татьяна — 2 орын
    🥈 Нұрқожа Шерхан — 2 орын

    🥉 Анашова Нигора — 3 орын

    Спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!



    «Ата салтым – асыл қазынам»

    Наурыз мейрамына орай мекемелер арасында ұйымдастырылған «Ата салтым – асыл қазынам» атты байқауда Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының мекеме ұжымдары жүлделі II орынды иеленді.
    Бұл жетістік – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді насихаттау жолындағы еңбегіміздің нәтижесі. Ұжымымыздың бірлігі мен белсенділігінің арқасында осындай табысқа қол жеткіздік.

    IBSA Judo World Cup Tbilisi 2026

    2026 жылғы 24–25 наурыз күндері Грузияның Тбилиси қаласында пара дзюдодан Әлем кубогы өтті. Аталған жарысқа 24 елден 163 спортшы қатысты. Оның ішінде 94-і ерлер, 69-ы әйелдер.

    Асылан Нұрдәулетов J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, 🥉 қола медаль иеленді.

    Жалпы, Қазақстанның пара дзюдо құрамасы бұл Әлем кубогында 7 медаль жеңіп алып, медальдық есепте Бразилия құрамасы мен бейтарап паралимпиадалық спортшылардан кейін үшінші орынға тұрақтады.

    ӘЛЕМ КУБОГЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 7–25 наурыз аралығында Түркияның Анталья қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара каноэден Әлем кубогының алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтуде. Аталған жиынға Армия Мейржан қатысып, алдағы жарысқа дайындалуда.

    ӘЛЕМ КУБОГЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОЖЖ

    8 наурыз бен 22 наурыз аралығында Алматы облысы, Алексейвка базасында пара дзюдодан оқу-жаттығу жиынының II кезеңі өтуде.

    Аталған оқу-жаттығу жиыны – Грузияның Тбилиси қаласында өтетін Әлем кубогына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі.

    Қазіргі уақытта спортшыларымыз арнайы сүйемелдеушілерімен бірге қарқынды түрде жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

    Сурдо шахматтан оқу-жаттығу жиыны өтті

    Сурдо шахматтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны 10–19 наурыз аралығында өтті.

    Аталған оқу-жаттығу жиыны спортшылардың алдағы ел чемпионатына тыңғылықты дайындалуына бағытталды. Жиын барысында қатысушылар тактикалық және стратегиялық дайындықтарын жетілдіріп, тәжірибелерін шыңдады.

    Сонымен қатар, жаттығу процесі спортшылардың ойын шеберлігін арттырып, жарыс алдындағы дайындық деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.

    Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

    Елордада мекеме қызметкерлері арасында, «Ата салтым- асыл қазынам» атты Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

    Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
    Іс-шара барысында әр мекеме ұжымы «Қызғалдақ», «Бәйшешек» сынды өз атауларымен топ құрып, қазақ халқының бай салт-дәстүрлерін сахналық көріністер арқылы кеңінен насихаттады. Көрермендер ұлттық болмысымызды айшықтайтын әдет-ғұрыптарды тамашалап, ерекше әсер алды.

    Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалмады. Қатысушылар Армрестлинг, Арқан тарту, Тоғызқұмалақ сияқты ойындарда бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс барысында қызметкерлер тек кәсіби салада ғана емес, спортта да белсенді әрі мықты екендіктерін дәлелдеді.

    Әсіресе, қол күрес сайысында ер азаматтармен қатар нәзік жандылардың да белсенділік танытуы көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл өз кезегінде ұжымдағы бірлік пен теңдіктің жарқын көрінісіне айналды.

    Осындай мазмұнды шаралар ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, ұжымдық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
    Наурыз мейрамы құтты болсын! 🌷

    Референдум – әр азаматтың дауысы маңызды

    15 наурыз – Республикалық референдум күні

    Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан – республикалық референдум өтуде. Осы орайда, Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының» спортшылары, жаттықтырушылары, басшылығы және қызметкерлері азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.

    Спорт клубының ұжымы ел болашағына бейжай қарамай, әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.

    Еліміздің дамуы мен жарқын болашағы үшін жасалған бұл қадам – ортақ жауапкершіліктің көрінісі.

    Пара оқ атудан Астана қаласының турнирі өтті

    11–13 наурыз аралығында «Алау» спорт кешенінде «Қамқорлық пен заң» жобасы аясында және Наурыз мерекесіне орай мүгедектігі бар спортшылар арасында пара оқ атудан Астана қаласының турнирі өтті.

    Жарысқа Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласының командалары қатысты.

    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Елорда» спорт клубының басшысы Азамат Жұмабекұлы жарысқа қатысушы аруларға гүл шоқтарын табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

    🏆 Турнир нәтижелері:

    🥇 Оторбаев Ардак — R1
    🥇 Тулегенова Айгерим — R2, R3
    🥇 Федюкин Виктор — R5
    🥇 Пасхалиди Александр — P1
    🥇 Алиева Севда — P2

    🥈 Оторбаев Ардак — R3
    🥈 Тастемиров Кайрат — R4
    🥈 Ермаков Никита — P1
    🥇 Ермаков Никита / Алиева Севда — P6 (MIX)
    🥇 Оторбаев Ардак / Тулегенова Айгерим – Р10 (MIX)

    🥈 Пасхалиди Александр / Жылкышинов Айдос — P6 (MIX)
    🥈 Федюкин Виктор / Тастемиров Кайрат — R11 (MIX)
    🥉 Тастемиров Кайрат — R5
    🥉 Федюкин Виктор — R4

    Сонымен қатар, аталған жарысқа «Елорда» спорт клубының ұжымы да белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.

    🥇 Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды!

    Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында із қуу сайысында топ жарып, алтын жүлдені жеңіп алды.

    Айта кетейік, бұған дейін ол пара шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған еді.

    Ербол Хамитовты тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – тек спортшының жеке жетістігі ғана емес, бүкіл ел мерейін өсірген үлкен жеңіс. Сіздің табандылығыңыз бен мықты рухыңыз Қазақстан спортының абыройын асқақтатты.

    Ел намысын қорғап, көк туымызды биікте желбіреткеніңіз үшін алғысымыз шексіз!