Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    Елордалық пара шахматшылар Азия чемпионаты төрінде топ жарды ♟️

    2026 жылдың 4–15 сәуірі аралығында Бішкек қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 4 елден 30-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

    Аталған додада елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан мерейін үстем етті.

    🥇 Майкенов Бакытжан
    — Классикадан 1 орын
    — Рапидтен 1 орын
    — Блицтен 1 орын

    🥈🥉 Камбарова Айғаным
    — Рапидтен 2 орын
    — Блицтен 2 орын
    — Классикадан 3 орын






    Елордалық спортшылар пара велоспорттан ҚР қысқы чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті 🚴🏼🥇🥈

    2026 жылдың 07–14 сәуірі аралығында Түркістан қаласында пара велоспорттан тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті бұзылған және интеллектуалдық ерекшелігі бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өз мәресіне жетті.🚴🏼

    Жарысқа жалпы саны 22 спортшы қатысып, 5 облыстың командалары бақ сынады.

    Астана қаласының спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
    Топтық жарыс:
    🥇 Марденов Ринат — 25 шқ, С санаты 1 орын
    🥇Жанторе Мөлдір/ Карабутова Дарья(пилот) — 50 шқ, В санаты 1 орын

    Жекелей жарыс:
    🥇Қартбай Берік — 1 орын
    🥇Марденов Ринат — 15 шө, С санаты 1 орын
    🥈Жанторе Мөлдір/ Карабутова Дарья (пилот) — 15 шқ, В санаты 2 орын
    🥈Садвакасов Мансур — 10 шқ, I санаты 2 орын
    🥉 Абишев Адильжан — 3 орын






    Елордалық спортшылар пара үстел теннисінен ҚР чемпионатында жүлделі орындарға ие болды 🏓🥇🥈🥉

    8-13 сәуір аралығында Павлодар қаласында пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымдалған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа 8 командадан 50-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.🏓🥇🥈🥉

    Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
    Жекелей санатта:
    🥇 Ержанқызы Алтынай – 1 орын
    🥈 Оразхан Алихан – 2 орын
    🥉 Рахимжанов Расул – 3 орын
    🥉 Кальпебаев Руслан – 3 орын

    Абсолюттік санатта:
    🥉 Рахимжанов Расул – 3 орын

    Жұптық санатта:
    🥇 Кальпебаев Руслан – 1 орын
    🥇 Ержанқызы Алтынай – 1 орын
    🥈 Оразхан Алихан, Рахимжанов Расул – 2 орын

    Аралас санатта:
    🥈 Ержанқызы Алтынай, Оразхан Алихан – 2 орын






    ITTF World Para Future Yalova халықаралық турнирінде пара үстел теннисшілеріміз жоғары нәтиже көрсетті 🏓

    Түркияның Ялова қаласында 2-5 сәуір аралығында пара үстел теннисінен ITTF World Para Future Yalova халықаралық турнирі өтті. Аталған жарысқа 22 елден 125 спортшы қатысты.

    Қазақстанның намысын Астана қаласынан үш спортшы қорғады:
    Александра Степанова (4-класс),
    Гульмира Кайдасова (7-класс),
    Балзия Таш (8-класс).

    Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылардың нәтижесі:

    🥈 Балзия Таш — жекелей сында күміс жүлдегер
    🥉 Гульмира Кайдасова — Ресейлік серіктесімен бірге аралас жұптық сында (XD14) 3 орын иеленді

    Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!




    Сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы Кубогында елордалық спортшылар жарқын нәтиже көрсетті 🥋

    2026 жылғы 4–5 сәуір аралығында Теміртау қаласында сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Аталған жарысқа еліміздің 14 командасынан 80-ге жуық спортшы қатысты.

    Елорда құрамасының спортшылары жүлделі орындарға ие болды:

    🥇 Файзулина Амина — 78 кг салмақ дәрежесінде 1 орын
    🥇 Хапизов Сабиржан — +100 кг салмақ дәрежесінде 1 орын
    🥉 Нұртуған Нұрбол — 66 кг салмақ дәрежесінде 3 орын

    Сонымен қатар, елордалық команда жалпы командалық есепте 3-орынды иеленді 🏆





    Пара жүзуден ҚР чемпионатында елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті 🏊♂️🥇

    Талдықорған қаласында 2026 жылғы 29 наурыз — 4 сәуір аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және зияткерлік ерекшеліктері бар ересек спортшылар арасында пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

    Аталған додаға еліміздің 17 өңірінен 150-ден астам спортшы сынға түсті.

    Елорда құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде:
    🥇 78 алтын
    🥈 56 күміс
    🥉 20 қола медаль еншіледі

    Командалық есептің қорытындысы толық медальдар есебі бойынша алдағы 2–3 күнде жарияланады.





    Волейболды отырып ойнаудан қалалық ашық турнир өз мәресіне жетті

    2026 жылғы 3 сәуір күні волейболды отырып ойнаудан Астана қаласының ашық турнирі өтті.
    Аталған жарысқа 30 спортшы қатысып, шеберліктерін сынға салды.

    Жарыс қорытындысы бойынша:
    🏆 Ерлер құрамасы – 1 орын
    🥈 Ардагерлер құрамасы – 2 орын
    🥉 Әйелдер құрамасы – 3 орын

    Командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!

    Сурдо шахматтан ҚР чемпионатында спортшылар жоғары нәтиже көрсетті♟️🥇

    23–31 наурыз аралығында Тараз қаласында есту қабілеті зақымдалған 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

    Аталған жарыста 7 команда, 30-дан астам спортшы бақ сынады.

    Елорда құрамасы бұл чемпионатта сенімді ойын өрнегін көрсетіп, жекелей және командалық есепте жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

    Усманов Диас:
    🥇 классика
    🥇 жұпталған рапид
    🥇 командалық блиц
    🥈 рапид
    🥈 блиц

    Төреқұл Мүслім:
    🥇 командалық блиц
    🥇 жұпталған рапид
    🥉 классика
    🥉 блиц

    Қорытындысында елордалық команда жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді.🏆



    Пара үстел теннисінен ITTF World Para Future турнирі өтті🏓🥉🥉🥉

    2026 жылғы 25–30 наурыз аралығында Испанияның Коста-Брава қаласында пара үстел теннисінен ITTF World Para Future ашық халықаралық турнирі өтті.

    Әлемнің 30-дан астам мемлекетінен жиналған 200-ге жуық спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде елордалық спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

    Жекелей санатта:
    🥉 Степанова Александра — 3 орын

    Әйелдер жұбы санатында:
    🥉 Степанова Александра — 3 орын
    🥉 Таш Балзия — 3 орын

    Аралас жұп санатында:
    🥉 Ержанқызы Алтынай — 3 орын

    Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!



    Астанада пара каратэ және сурдо каратэден қала чемпионаты өтті🥋🥇🥈🥉

    28 наурыз күні Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар, жастар және ересектер арасында пара каратэ және сурдо каратэден қала чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 5 жастан 45 жасқа дейінгі барлығы 50 спортшы қатысып, ката бағдарламасы бойынша өзара бақ сынады.

    «Пара және сурдо каратэнің танымалдығы өте жоғары. Спортшылар саны бойынша Астана қаласы республикада көш бастап тұр. Сонымен қатар, 2023 жылы елордада алғаш рет пара каратэден инклюзивті әлем чемпионаты өтіп, бұл спорттың қарқынды дамуына серпін берді», — деді Пара каратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дукуева.

    Балалар арасындағы нәтижелер:
    🥇 Алтын — 8
    🥈 Күміс — 2
    🥉 Қола — 2

    Ересектер арасындағы нәтижелер:
    🥇 Алтын — 10
    🥈 Күміс — 4
    🥉 Қола — 3

    Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар сәуір айында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.