Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ПАРА ШАХМАТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    Биыл Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара шахматтан Азия чемпионаты өтті. Аталған жарыста елорда спортшылары тамаша өнер көрсетіп, Қазақстанның мерейін үстем етті. Осы орайда Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Алексеевич Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Бақытжан Майкенов пен Айғаным Қамбарованы арнайы қабылдады. Кездесу барысында Василий Левит спортшыларды жоғары нәтижелерімен құттықтап, олардың халықаралық аренадағы жетістігі еліміздегі параспорттың дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол алда Испанияда өтетін әлем чемпионатында спортшыларға сәттілік тілеп, олардың еңбегі әрдайым қолдау табатынын жеткізді. Еске сала кетейік: Аталған Азия чемпионатында Бақытжан Майкенов классикалық шахмат, рапид және блиц бойынша қарсыластарының барлығын артта қалдырып, үш бірдей алтын медаль иеленіп, Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Ал Айғаным Қамбарова рапид және блиц бағдарламаларында күміс жүлдеге, классикалық шахматта қола медальға қол жеткізді.

    Continue reading «БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ПАРА ШАХМАТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ»

    Азия чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны🛶

    2026 жылғы 8-26 сәуір аралығында Ташкент облысында (Өзбекстан) қаласында пара каноэдан тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Азия чемпионаты алдындағы оқу жаттығу жиыны өтуде.

    Аталған жиынға спорт клубымыздың атынан Армия Мейржан қатысып, құрлық додасына дайындық жүргізуде

    АСТАНА КОМАНДАСЫ СУРДО ФУТЗАЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

    Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде 21 жасқа дейінгі жастар арасында сурдо футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігіне Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қостанай, Абай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 8 команда қатысты.

    Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы чемпион атанды. Екінші орынды Шымкент құрамасы иеленсе, үшінші орын Солтүстік Қазақстан облысының командасына бұйырды.

    Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Арман Әмреновтың айтуынша, чемпионат жоғары деңгейде және тартысты өтті.

    «Жарыс айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылды. Нәтижесінде үздік ойыншылар Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеледі. Сонымен қатар, спортшылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды», — деді ол.

    Сонымен қатар, чемпионат барысында үздік спортшылар арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, Даулет Төлеубаев (Астана) «Үздік ойыншы» атанса, Темірлан Асан (Астана) «Пайдалы ойыншы» деп танылды. «Үздік шабуылшы» атағы Нұрасыл Жарылқасновқа (Абай облысы) берілді. Ал «Үздік қақпашы» номинациясын шымкенттік Камронбек Сайдмухтаров жеңіп алды.

    Айта кетейік, аталған жарыс алдағы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі саналады.

    Continue reading «АСТАНА КОМАНДАСЫ СУРДО ФУТЗАЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ»

    Гран При алдындағы оқу-жаттығу жиыны🥋

    2026 жылғы 6–20 сәуір аралығында Алматы қаласында пара дзюдодан Астана қаласында өтетін Гран При алдындағы оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңі өтуде.

    Аталған жиынға спорт клубымыздың атынан Арыстанбеков Бауыржан және Нұрдәулетов Асылан қатысып, арнайы сүйемелдеушілермен бірге дайындық жұмыстарын жүргізуде.

    Спортшыларымыз алдағы додаға тыңғылықты дайындалуда.


    Ел біріншілігінде Астана құрамасы пара оқ атудан чемпион атанды🏆

    12-19 сәуір аралығында Алматы облысында пара оқ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

    Ел біріншілігіне 11 өңірден 80-ге жуық спортшы қатысып, мергендік пен шеберлікті сынға салды.

    Елордалық мергендер жарыс қорытындысы бойынша 18 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 9 алтын, 8 күміс және 1 қола жүлде бар.

    Жекелей нәтижелер:

    Айсұлу Мұқашбекова
    🥇 P6 жаттығуы (пистолет, микс)
    🥇 R11 жаттығуы (винтовка, микс)
    🥈 P2 жаттығуы (пистолет)

    Ардақ Отарбаев
    🥇 R3 жаттығуы (винтовка)
    🥇 R10 жаттығуы (винтовка, микс)
    🥉 R1 жаттығуы (винтовка)

    Айгерім Төлегенова
    🥇 R10 жаттығуы (винтовка, микс)
    🥈 R3 жаттығуы (винтовка)
    🥈 R2 жаттығуы (винтовка)

    Continue reading «Ел біріншілігінде Астана құрамасы пара оқ атудан чемпион атанды🏆»

    Елордалық спортшылар пара садақ атудан ҚР Кубогының II кезеңінде жүлделі орындарға ие болды 🏹🥇🥈🥉

    2026 жылдың 12–18 сәуірі аралығында Түркістан қаласында пара садақ атудан Қазақстан Республикасы Кубогының II кезеңі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Жетісу облысы, Павлодар, Батыс Қазақстан облысы және Шымкент қалаларынан келген 6 команда құрамында 50-ге жуық спортшы қатысты.

    Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

    Жарыс қорытындысы бойынша:

    🥈 2 орын – классикалық садақ атудан, аралас командалық сайыста:
    Елена Волошина
    Габдулла Туймебаев

    🥉 3 орын – классикалық садақ атудан, командалық ерлер сайысы (олимпиадалық айналым):
    Габдулла Туймебаев
    Ильдар Айтняков

    🥈 2 орын – блокты садақ атудан, командалық әйелдер сайысы:
    Баян Ибраева
    Сабина Хасенова

    🥈 2 орын – аралас командалық сайыс, блокты садақ атудан:
    Бердихан Тырныхан
    Баян Ибраева

    🥉 3 орын – олимпиадалық айналым:
    Баян Ибраева

    🥇 1 орын – жасөспірімдер арасында іріктеу кезеңі:
    Ерболат Ералы

    Continue reading «Елордалық спортшылар пара садақ атудан ҚР Кубогының II кезеңінде жүлделі орындарға ие болды 🏹🥇🥈🥉»

    Елордалық пара шахматшылар Азия чемпионаты төрінде топ жарды ♟️

    2026 жылдың 4–15 сәуірі аралығында Бішкек қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 4 елден 30-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

    Аталған додада елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан мерейін үстем етті.

    🥇 Майкенов Бакытжан
    — Классикадан 1 орын
    — Рапидтен 1 орын
    — Блицтен 1 орын

    🥈🥉 Камбарова Айғаным
    — Рапидтен 2 орын
    — Блицтен 2 орын
    — Классикадан 3 орын

    Continue reading «Елордалық пара шахматшылар Азия чемпионаты төрінде топ жарды ♟️»

    Елордалық спортшылар пара велоспорттан ҚР қысқы чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті 🚴🏼🥇🥈

    2026 жылдың 07–14 сәуірі аралығында Түркістан қаласында пара велоспорттан тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті бұзылған және интеллектуалдық ерекшелігі бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өз мәресіне жетті.🚴🏼

    Жарысқа жалпы саны 22 спортшы қатысып, 5 облыстың командалары бақ сынады.

    Астана қаласының спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
    Топтық жарыс:
    🥇 Марденов Ринат — 25 шқ, С санаты 1 орын
    🥇Жанторе Мөлдір/ Карабутова Дарья(пилот) — 50 шқ, В санаты 1 орын

    Жекелей жарыс:
    🥇Қартбай Берік — 1 орын
    🥇Марденов Ринат — 15 шө, С санаты 1 орын
    🥈Жанторе Мөлдір/ Карабутова Дарья (пилот) — 15 шқ, В санаты 2 орын
    🥈Садвакасов Мансур — 10 шқ, I санаты 2 орын
    🥉 Абишев Адильжан — 3 орын

    Continue reading «Елордалық спортшылар пара велоспорттан ҚР қысқы чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті 🚴🏼🥇🥈»

    Елордалық спортшылар пара үстел теннисінен ҚР чемпионатында жүлделі орындарға ие болды 🏓🥇🥈🥉

    8-13 сәуір аралығында Павлодар қаласында пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымдалған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа 8 командадан 50-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.🏓🥇🥈🥉

    Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
    Жекелей санатта:
    🥇 Ержанқызы Алтынай – 1 орын
    🥈 Оразхан Алихан – 2 орын
    🥉 Рахимжанов Расул – 3 орын
    🥉 Кальпебаев Руслан – 3 орын

    Абсолюттік санатта:
    🥉 Рахимжанов Расул – 3 орын

    Жұптық санатта:
    🥇 Кальпебаев Руслан – 1 орын
    🥇 Ержанқызы Алтынай – 1 орын
    🥈 Оразхан Алихан, Рахимжанов Расул – 2 орын

    Аралас санатта:
    🥈 Ержанқызы Алтынай, Оразхан Алихан – 2 орын

    Continue reading «Елордалық спортшылар пара үстел теннисінен ҚР чемпионатында жүлделі орындарға ие болды 🏓🥇🥈🥉»

    ITTF World Para Future Yalova халықаралық турнирінде пара үстел теннисшілеріміз жоғары нәтиже көрсетті 🏓

    Түркияның Ялова қаласында 2-5 сәуір аралығында пара үстел теннисінен ITTF World Para Future Yalova халықаралық турнирі өтті. Аталған жарысқа 22 елден 125 спортшы қатысты.

    Қазақстанның намысын Астана қаласынан үш спортшы қорғады:
    Александра Степанова (4-класс),
    Гульмира Кайдасова (7-класс),
    Балзия Таш (8-класс).

    Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылардың нәтижесі:

    🥈 Балзия Таш — жекелей сында күміс жүлдегер
    🥉 Гульмира Кайдасова — Ресейлік серіктесімен бірге аралас жұптық сында (XD14) 3 орын иеленді

    Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

    Continue reading «ITTF World Para Future Yalova халықаралық турнирінде пара үстел теннисшілеріміз жоғары нәтиже көрсетті 🏓»