Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • [bvi]
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    [bvi]
    Экран диктора

    🏆♟️ Елордалық пара шахматшылар Әлем чемпионатында ел мерейін үстем етті!

    «Елорда» спорт клубының спортшылары Майкенов Бақытжан мен Қамбарова Айғаным пара шахматтан
    Қазақстан қоржынына алтын және күміс медаль салды.

    Пара шахматтан Әлем чемпионаты, Гуардамар

    Continue reading «🏆♟️ Елордалық пара шахматшылар Әлем чемпионатында ел мерейін үстем етті!»

    Столичные спортсмены успешно выступили на чемпионате Азии по пара армрестлингу!

    С 4 по 11 июня в городе Чолпон-Ата, Кыргызстан, прошёл чемпионат Азии по пара армрестлингу.
    В соревнованиях приняли участие около 400 спортсменов из 21 страны Азии, которые боролись
    за звание сильнейших на континенте.

    Чемпионат Азии по пара армрестлингу, Чолпон-Ата

    Continue reading «Столичные спортсмены успешно выступили на чемпионате Азии по пара армрестлингу!»

    Астана спортшылары пара қол күресінен Азия чемпионатында ел мерейін үстем етті!

    4–11 маусым аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл қаласында пара қол күресінен Азия чемпионаты өтті.
    Байрақты бәсекеге Азияның 21 елінен 400-ге жуық спортшы қатысып, құрлықтың үздіктері анықталды.

    Пара қол күресінен Азия чемпионаты, Ыстықкөл

    Continue reading «Астана спортшылары пара қол күресінен Азия чемпионатында ел мерейін үстем етті!»

    Пара-каратэшілердің Азия чемпионатына техникалық-тактикалық дайындығы

    Техникалық-тактикалық дайындық Азия чемпионаты қарсаңында пара-каратэшілерді даярлаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты – ката орындауда жоғары дәлдікке, қимылдардың толық үйлесімділігіне, орындау мәнерлілігіне және спортшылар арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізу.

    Дайындықтың негізгі міндеттері:
    * ката орындау техникасын жетілдіру;
    * қимылдардың, ырғақ пен қарқынның толық сәйкестігін қамтамасыз ету;
    * тұрыстардың тұрақтылығын және орын ауыстырудың дұрыстығын арттыру;
    * тыныс алуды, шоғырлануды және кимэді жетілдіру;
    * үйлесімділік пен серіктесті сезіну қабілетін дамыту;
    * бункай орындауға дайындау.

    Continue reading «Пара-каратэшілердің Азия чемпионатына техникалық-тактикалық дайындығы»

    Шексіз интеллект: Infinite Chess Cup 2026 турнирі өз мәресіне жетті! ♟️


    Continue reading «Шексіз интеллект: Infinite Chess Cup 2026 турнирі өз мәресіне жетті! ♟️»

    Пара каноэден Азия чемпионатында елорда спортшылары төрт жүлде еншіледі!

    2026 жылғы 3–7 маусым аралығында Түркістан қаласында параканоэден Азия чемпионаты өтті.
    Халықаралық додаға 7 елден 80-ге жуық спортшы қатысып, құрлықтың үздіктері өзара бақ сынады.

    Параканоэден Азия чемпионаты, Түркістан

    Continue reading «Пара каноэден Азия чемпионатында елорда спортшылары төрт жүлде еншіледі!»

    Пара үстел теннисінен ҚР чемпионатында елордалық спортшылар 16 медаль жеңіп алды🥇🥈🥉

    Continue reading «Пара үстел теннисінен ҚР чемпионатында елордалық спортшылар 16 медаль жеңіп алды🥇🥈🥉»

    Менің қызымның жолы

    Менің қызым Жаннетова Нуржайна Аманжоловна бала кезінен интелектуалды ауытқуы бар екінші топ мүгедегі.

    Continue reading «Менің қызымның жолы»

    Ләззат Жүсіпова: қайсар рух пен жарқын жеңістер жолы

    Жүсіпова Ләззат Максимовна – пара-каратэден Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бейімдік дене шынықтыру магистрі, Азияның бес дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2026 жылдың қорытындысы бойынша К10 санатында (көру қабілеті төмен және зағип әйелдер, «ката» бағдарламасы) Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) әлемдік рейтингінің көшбасшысы. Ол «Елорда» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының намысын қорғайды және пара-каратэ бойынша өз санатындағы әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі болып табылады.

    Ләззаттың өмір жолы – қайсар рухтың, батылдық пен мақсаткерліктің жарқын үлгісі. 1989–2000 жылдары ол Целиноград қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, сол жерде өз бетінше өмір сүруді, жауапкершілікті және кез келген қиындықты еңсеруді үйренді. Мектепті тәмамдаған соң Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алды.

    2010 жылы оның өмірі түбегейлі өзгерді. Ауыр жол-көлік оқиғасының салдарынан Ләззат көру қабілетінен айырылып, жамбас буынын эндопротездеу бойынша күрделі отадан өтті. Осындай ауыр сынақтарға қарамастан, ол белсенді өмірден бас тартқан жоқ. Керісінше, спорт оның күш-қуат көзіне, жаңа жігеріне және өмірді қайта бастаудың мүмкіндігіне айналды.

    Continue reading «Ләззат Жүсіпова: қайсар рух пен жарқын жеңістер жолы»

    Пара каноэден оқу-жаттығу жиыны өтуде

    Елімізде тұңғыш рет өтетін пара каноэден Азия чемпионатына ұлттық құрама спортшылары қызу дайындық жүргізуде.

    Құрлықтық дода 4–8 маусым күндері Түркістан қаласында өтеді.

    Астана қаласының атынан ел намысын қорғайтын спортшылар:
    🚣‍♀️ Маржан Билялова — VL1, 500 м
    🚣‍♂️ Меиржан Армия — VL2, 200 м және 500 м

    Қазіргі таңда спортшылар жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, маңызды сынға дайындалуда.

    2026 Asian Paracanoe Championships
    📍 Түркістан, Қазақстан
    📅 4–8 маусым 2026 жыл