Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    🏋🏻♂️🥇🥈🥉 Астана спортшылары пара пауэрлифтингтен ел чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

    Астана қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

    Елордалық спортшылардың нәтижелері:

    • Надыров Вазир – 59 келіге дейінгі салмақта жеке есепте 133 кг көтеріп 1-орын алды; үш тәсіл қосындысы бойынша 380 кг нәтижесімен де 1-орын иеленді.
    • Рахатұлы Қуаныш – 54 келіге дейінгі салмақта жеке есепте 122 кг көтеріп 1-орынға шықты; үш тәсіл қосындысы бойынша 232 кг нәтижесімен 3-орын алды.
    • Байлин Қанат – 107 келіге дейінгі салмақта жеке есепте 154 кг көтеріп 2-орынды иеленді; үш тәсіл қосындысы бойынша 449 кг нәтижесімен де 2-орынды алды.

    «Турнирге еліміздің 17 өңірінен 130-ға жуық спортшы 20 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеледі. Оған қоса, бұл бәсеке сәуір айында Бангкок қаласында (Таиланд) өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады. Алдағы уақытта Қазақстан ұлттық құрамасы 6-11 наурыз аралығында Тбилисиде (Грузия) өтетін халықаралық турнирге аттанады. Спортшыларымыз аталған бәсекеде жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз», — деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара пауэрлифтингтен команда басшысы Ұлан Ануар.

    Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қызылорда облысы иеленсе, екінші орын Жетісу облысына, үшінші орын Қостанай облысына бұйырды.

    ШАХМАТТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

    2026 жылдың 17–26 ақпан аралығында Тараз қаласында көру қабілеті және тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар мен ересектер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

    Республикалық додаға еліміздің 16 өңірінен спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

    ♟ Рапид бағдарламасы бойынша жүлдегерлер:

    🥇 1 орын – Майкенов Бакытжан
    🥇 1 орын – Камбарова Айғаным
    🥇 1 орын – Қуанышұлы Нұрғиса
    🥉 3 орын – Шандаулетова Райгүл

    ♟ Классика бағдарламасы бойынша:

    🥇 1 орын – Камбарова Айғаным
    🥇 1 орын (жастар) – Қуанышұлы Нұрғиса
    🥇 1 орын – Амантаева Батес
    🥈 2 орын – Шандаулетова Райгүл
    🥈 2 орын – Майкенов Бакытжан

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

    ӘЛЕМ КУБОГЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОЖЖ

    20 ақпан — 8 наурыз аралығында Алматы қаласында ҚР ұлттық құрамасы сапында Нұрдаулетов Асылан және Арыстанбеков Бауыржан оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Бұл оқу-жаттығу жиыны Грузияның Тбилиси қаласында өтетін Әлем кубогына дайындықтың I кезеңі болып табылады. Спортшыларымыз арнайы сүйемелдеушілерімен бірге жаттығуда.

    ПАРАВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

    3-14 ақпан аралығында Әл-Қассим  қаласында паравелоспорттан Азия чемпионаты өтті.
    H2 санатындағы жеке жарыс қорытындысы бойынша:
    Картбай Берік— күміс жүлде иегері атанды.
    Бұл — Қазақстан тарихындағы H санатындағы (handcycle) алғашқы Азия чемпионатының жүлдесі!
    Спортшымыз жоғары шеберлік пен мықты ерік-жігер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

    ПАРА ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 2–11 ақпан аралығында Астана қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында пара қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтті. Жиын барысында спортшылар техникалық және тактикалық дайындықтарын жетілдіріп, алдағы ел біріншілігіне тыңғылықты әзірленді.

    ӘЛЕМ КУБОГЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 5–20 ақпан аралығында Ташкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара каноэден Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасымен бірлескен Әлем кубогы қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны өтуде.

    Аталған жиынға Армия Мейржан белсенді түрде қатысып, дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Спортшымыз алдағы халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.

    ♟️ ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 3–12 ақпан аралығында тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан Паралимпиадалық жаттығу орталығында ҚР чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтуде.

    Жиын барысында спортшылар алдағы ел чемпионатына тыңғылықты дайындалып, шеберліктерін шыңдауда.

    АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 19 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Алания қаласында пара велоспорттан Азия чемпионаты қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны өтуде.
    Аталған жиынға спорт клубымыздың атынан Марденов Ринат қатысуда.
    Спортшымыз алдағы құрлықтық додада жоғары нәтиже көрсетуге ниетті және дайындық жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.
    Ринатқа сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!