Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ҚАЗАҚСТАН ПАРА-КАРАТЭСІ (WKF) ТАРИХЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЛЕМДІК ЖҮЛДЕ! 🥳🥉

    27–30 қарашада Мысыр астанасы Каирде өткен пара-каратэ (WKF) әлем чемпионатында Қазақстан алғаш рет жүлделі болды!
    К10 санатында өнер көрсеткен елордалық спортшымыз Ләззат Жүсіпова қола медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді! Бұл додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 110-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
    Каир татамиінде елордамыз атынан 2 спортшы бақ сынады:
    🔹 Дидар Мұхамеджанов
    🔹 Ләззат Жүсіпова
    Бұл жүлде – пара-каратэ спорты бойынша Қазақстан үшін әлем чемпионатындағы алғашқы олжа. Сондықтан да оның маңызы ерекше. Жеңістеріңіз көп болсын!

    СУРДЛИМПИАДА: ҚАЗАҚСТАН ДЗЮДОШЫЛАРЫ КОМАНДАЛЫҚ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

    Жапонияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында Қазақстанның дзюдодан құрама командалары жүлделі орындар иеленді.
    Ерлер құрамасы шешуші кездесуде Франция командасын сенімді түрде жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Команда сапында елордалық сурдо балуан Сабыржан Хапизов та өз үлесін қосты.
    Ал әйелдер құрамасы Украина командасымен өткен тартысты кездесуде күміс медаль еншіледі. Қазақстан әйелдер құрамасының намысын қорғаушылар қатарында елордалық дзюдо шебері Амина Файзуллина бар
    ар қатарында елордалық дзюдо шебері Амина Файзуллина бар.

    🥇🥉🥳XXV ЖАЗҒЫ СУРДЛИМПИАДАДА: ЕЛОРДАЛЫҚ СУРДО-ДЗЮДОШЫЛАР БІРІНШІ КҮНІ ЕКІ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

    Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында сурдо дзюдодан жарыстар басталды. Айтулы додада екі астаналық спортшы сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына қос бірдей медаль салды.
    70 кг салмақ дәрежесінде елордалық спортшы Амина Файзуллина финалда украиналық Марина Похореловамен белдесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Бұл — 17 жасар Аминаның халықаралық деңгейдегі алғашқы жарқын жеңісі.
    Ал аса ауыр салмақ — +100 кг санатында өнер көрсеткен Астана спортшысы Сабыржан Хапизов украиналық Володимир Маклаковты ұтып, Сурдлимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері атанды.
    Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода биыл ерекше тарихи мәнге ие — Сурдлимпиадалық қозғалыстың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді. Ойындарға 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплина бойынша сынға түсуде.
    Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы жарыстарға 78 спортшымен қатысып, 8 спорт түрінде ел намысын қорғауда. Олардың қатарында Астана қаласынан 5 спортшы бар, және олар 4 түрлі спорт түрі бойынша бақ сынайды.

    ТОКИОДА СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

    15 қараша күні Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті.
    Қазақстанның көк байрағын сурдо дзюдодан спорт шеберлері, өткен Сурдлимпиада жүлдегерлері Айдос Түгелбаев пен Анна Краморова алып шықты.

    Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сапиев спортшыларға сәттілік тілеп:
    «Бұл ойындар – біздің спортшылардың жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейтін мүмкіндік. Команда ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», – деді.

    Астана қаласының намысын 4 спорт түрінен 5 спортшы қорғауда:
    🥋 Сабиржан Хапизов – сурдо дзюдо
    🥋 Амина Файзуллина – сурдо дзюдо
    🏓 Яна Михеева – сурдо үстел теннисі
    🥋 Руслан Ахметов – сурдо таеквондо
    🏊‍♀️ Галия Кабулда – сурдо жүзу

    Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан!

    МАҚСАТ – ЖЕҢІС! СУРДЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА!

    30 қазан – 12 қараша аралығында Алматы қаласында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының алдындағы оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі өтуде. Бұл кезеңде спортшылар өз шеберліктерін шыңдап, жауапты жарысқа дайындықтарын пысықтауда.

    Астана қаласының атынан ел намысын абыроймен қорғауға дайындалып жатқан спортшыларымыз:
    • Хапизов Сабиржан (+100 кг)
    • Файзулина Амина (70 кг)

    Алдағы бәсекеде спортшыларымызға жоғары нәтижелер мен жеңіс жолында сәттілік тілейміз! 🏆

    ҚАЗАҚСТАН ПАРА ДЗЮДОШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ! 🏆

    2025 жылы 7–9 қараша аралығында Астана қаласында екінші рет 2025 IBSA JUDO ASIAN CHAMPIONSHIPS ASTANA  додасы өтті. Араға екі жыл салып ұйымдастырылған айтулы доданың маңызы зор. Өйткені жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңінің бір бөлігі саналады. Биылғы додаға 9 елден 100-ден астам пара дзюдошы қатысты.
    🔹 22 спортшымен сынға түскен Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті.
    Айтулы додада ел намысын қорғаған астаналық пара дзюдошылар топ жарды. Астана қаласының қоржынында 2 алтын 1 қола:

    • Ерғали Шәмей (J1 81 кг) – 1-орын 🥇
    • Асылан Нұрдәулетов (J1 70 кг) – 1-орын🥇
    • Бауыржан Арыстанбеков (J1 81 кг) – 3-орын 🥉

    Сонымен қатар, командалық ақтық сайыста еліміздің ерлер құрамасы Өзбекстан құрамасын 4:0 есебімен жеңіп, қоржынға тағы алтын еншіледі!

    ҚОЛА ЖҮЛДЕ — ҚАЗАҚСТАНДА!

    25 қазан мен 3 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен пара оқ атудан Әлем кубогында спорт клубымыздың спортшылары Севда Алиева мен Никита Ермаков үздік үштікке енді!

    🔹 Олар P6 жаттығуы (пневматикалық тапаншамен аралас жұптық ату) бойынша қола жүлдені жеңіп алды. Шешуші сәтте Иран құрамасымен сынға түсіп, тартысты бәсекеде жеңіске жетіп, ел намысын лайықты қорғады.
    🔹 Бұл беделді додаға 38 елден 202 спортшы қатысты.

    Спортшыларымызды құттықтаймыз!