Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    «Үміт сәулесі» фильмінің басты кейіпкері Астана қаласының пара спортшысы Ерғали Шамей.

    Моңғолияда туған қандасымыз 18 жасында Қазақстанға көшіп келіп, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортқа бет бұрған. Өзінің жауынгерлік болмысы, еңбекқорлығы және спортқа ептілігінің арқасында жерлесіміз Қазақстанның пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, пара дзюдодан Әлем және пара Азия ойындарының чемпионы болып табылады.
    Фильмді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» тапсырысы бойынша DALA cinema компаниясы түсірді.
    Спорттық фильм жақын арада телеарналардан көрсетілетін болады.

    Фильмнің мақсаты – көрерменге мотивация беру арқылы жаңа биіктерді бағындыруға итермелеу, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу.Фильм шынайы оқиға негізінде құрылған және картинада биік мақсатқа қол жеткізген басты кейіпкердің ерлігі әсерлі жеткізілген.
    Басты кейіпкер шаршы алаңда ғана емес, өз санасындағы күресті жеңеді. Себебі кез-келген қиындыққа түскен адам өз ішіндегі күдіктерден арылмай алға жылжи алмайтынын көбіміз біле тұра ұмытып кетеміз. Сондықтан оның базардағы, үйіндегі оқиғаларына басты акцент жасалады.

    Режиссёр: Д. Еркімбек
    Продюсер: Ж. Тлеубергенов
    Компания: «Dala Cinema» ЖШС

    Пара дзюдодан ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті

    Алматы облысында “Байтерек” спорт базасында 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында пара дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
    Аталған ел біріншілігіне еліміздің 12 өңірінен 100- ге жуық пара спортшы сынға түсті.Астана қаласының намысын Науатбек Ақмарал(J2),
    АрстанбековБауыржан(J1),Нурдаулетов Асылан(J1),Жамауов Азамат(J2),
    Бекентаев Ерболат (J1) қорғады.
    Жарыс қорытындысы бойынша Елорда құрама командасы 4 алтын, 1 қола медаль олжаланып, жалпы командалық 1 орынды иеленді.
    Жарыс нәтижесін ұсынамыз:👇
    Науатбек Ақмарал (J2 – 48 кг) – 1 орын;
    Жамауов Азамат (J2 – 60 кг) – 1 орын;
    Нұрдаулетов Асылан (J1 – 73 кг) – 1 орын;
    Арстанбеков Бауыржан ( J1 – 90 кг) – 1 орын;
    Бекентаев Ерболат (J1 – 90) – 3 орын

    «ТОҚТА, ВАНДАЛ»: ЕЛОРДАЛЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАРҒА ВАНДАЛИЗМ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында қалалық спорт басқармасына қарасты балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің есту мүшесі зақымдалған спортшыларына «Тоқта, вандал» бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Түсіндірме жұмысы барысында аталмыш мекеме қызметкерлері пара спортшыларға қалалық мүліктің бүлінбеуі мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы жайында бейне сюжет көрсетіліп, мысалдар келтірілді.
    Қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиеваның сөзінше мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты өтетінің тілге тиек етті.
    – Қоғамдық тәртіпті насихаттауға арналған осындай кездесулерді елорданың әрбір ауданында орналасқан спорттық мектептерде және кешкі жаттығу барысында жиі ұйымдастырып отырамыз. Өздеріңіз білесіздер мемлекет басшысы даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне баса назар аударған болатын. Осыған орай 2023 жылы қалалық әкімдікпен бірлесе отырып және мемлекет басшысының аталған Жолдауы аясында елорда да вандализммен күрес жұмысы күшейтілген болатын. Алдағы уақытта да вандализм және қоғамдық тәртіп шаралары бойынша спортшылармен кездесулерді үзбей өткізетін боламыз -, деді ол.
    Айта кетейік, өткен жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы жұмыс істейді.
    Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

    Пара үстел теннисінен F40 ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.

    24-27 қаңтар аралығында Гиза(Мысыр) қаласында өткен ашық чемпионатта 27 елден 190 спортшы бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша Елордалық спортшы Ержанқызы Алтынай аралас жұп ойында Эрекеев Талғатпен екінші орынды иеленді.Сондай – ақ, жерлестеріміз Махулбеков Али мен Эрикеев Талғат жұп ойында күміс, қола жүлдені еншіленді.

    .

    Сурдо футзалдан U – 21 әлем чемпионатын ұйымдастыру мәселелері бойынша Халықаралық сурдо футбол федерациясының(DIFA) мүшелері Елордаға іс – сапармен келді.

    Әлем чемпионаты ағымдағы жылдың 1 – 10 маусым аралығында

    “Жекпе – жек” сарайында өткізілуі жоспарлануда.
    Елордалық спорт кешенінде DIFA өкілдерімен кездесуге Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Марат Даирұлы Қасқырбаев, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директорының м.а. Ержан Есімханұлы Естаев, жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі директордың орынбасары Әділхан Болатханұлы Өмірзақов, сондай-ақ Астана қаласының мүгедек тұлғаларға арналған спорт мектебінің директоры Азамат Жұмабекұлы Тағаев, Қазақстан ұлттық сурдофутбол және футзал федерациясының директоры Мейрамбек Жанболатұлы Махамбетов және Сурдлимпиада комитетіның бас хатшысы Шакуов Арсен қатысты. Ағымдағы жылдың 1 -10 маусым аралығында Елордада алғаш рет есту қабілеті зақымдалған арасында футзалдан U – 21 әлем чемпионаты өтеді..
    Қазіргі таңда Әлем чемпионатына ҚХР, Индонезия, Қазақстан, Таиланд, Украина, Өзбекстан, Әзірбайджан, Бразилия, БАӘ, Кения, Ирак,Иран мемлекеттерінің қатысуы жоспарлануда. Айта кетейік, 2022 жылы Таиланд елінде өткен футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 орынды иеленді. Бұл құрама қатарында Елордалық Абраев Мейрам, Төлеубаев Дәулет, Асан Темірлан өнер көрсетті.
    Сондай – ақ, делегация мүшелері Ж.Үшкепіров атындағы “Жекпе – жек” сарайының құрылысы ерекше және кез – келген жарысты ұйымдастыруға өте ыңғайлы екендіктерін атап өтті.