Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЕЛОРДАЛЫҚ ҚОС СПОРТШЫ ҚОЛА МЕДАЛЬДІ ЖЕҢІП АЛДЫ.

    20 – 22 сәуір аралығында Амман (Иордания) қаласында F20 халықаралық турнирде Елордалық пара теннисшілер олжалы болды. Спорттық додаға Үндістан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Ирак, Шри-Ланка, Кувейт, Сирия, Кипр, Йемен және Қазақстан елдерінің спортшылары сынға түсті.

    Атап айтқанда, Таш Балзия әйелдер арасында 6 – 10 жекеше санатта және аралас – жұп XD17-20 санатта – 3 орынды иеленді. Ал Степанова Александра әйелдер арасында 4 жекеше санатта, аралас – жұп XD 7 – 10 санатта – 3 орын алды. Елордалық спортшылар намысты қолдан бермей, жарыс биігінен көрінді.

    Таш Балзия жекелей ойында 3:0 есебімен Ирандық ADLEFI Tiba Mohammed Hameed жеңді. Аралас – жұп ойынында Өзбекстан елінің спортшысы Murodullaev Sunnatillo бірге өнер көрсетіп, БАӘ спортшысы SIRAJ Nasser Alhassany 3:0 есебімен басым түсіп, жүлделі 3 орынды иеленді.

    Бұл турнирде Степанова Александра Үндістан елінің спортшысы RATHOD Ushabahen Ramjibhai жеңіп, Иордания елінің спортшысы AL AZZAM Fatmeh 3:2 есебімен тізе бүктірді. Сонымен қатар, аралас – жұп ойында Ұлыбриятания елінің спортшысы HEAPS Simon мен өнер көрсетіп, 3:0 есебімен Үндістандық SINGH Trivendra мен RATHOD Ushabahen Ramjibhai жұбы мен Иордания елінің спортшылары AL SHAMAILEH Mazen Mahd AL AZZAM Fatmeh жеңіп, жүлделі 3 орынды еншіленді.

    Айта кетейік, 29 сәуір күні Таш Балзия мен Степанова Александра Подгорица қаласында (Черногория) өтетін пара үстел теннисінен халықаралық F20 турнирінде өнер көрсететін болады.

    АЗИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЛАЙ МАРАФОНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

    Бүгін Алматы төрінде жетінші рет ұйымдастырылған жартылай марафон өз мәресіне жетті. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты (Virtus World Half Marathon & 10K Road Race Championships 2024) ұйымдастырылды. Оған 8 елдің спортшылары яғни, Португалия, Болгария, Жапония, Польша, Қытай, Испания, Швеция және Қазақстан қатысты. Қазақстан атынан алты спортшы өнер көрсетті. Оның бесеуі Астана қаласының спортшылары. Атап айтқанда, Әмір Алпамыс, Дастан Ордабай, Ерсайын Хасенов, Алдияр Аскаров пен Азамат Әшірбай.

    8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгірді.

    Айтулы әлем чемпионатында Астана қаласының екі спортшысы 10 шақырымды бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Дәлірек айтсақ, ii3 санатында өнер көрсеткен Дастан Ордабай 47 минут 41 секунд ішінде жүгіріп өтіп алтыннан алқа тақты. Ал, Азамат Әшірбай  51 минут 48 секунд ішінде жүгіріп күміс жүлдегер атанды.

    Іс-шараны «Бірінші болу батылдық» қоры мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

    ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: САБЫРЖАН ХАПИЗОВ СУРДО ДЗЮДОДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

    Түркістанда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дзюдо күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Бас аяғы Қазақстан тарапынан 24 спортшы өнер көрсетті.

    Айтулы бәсекеде, Астана қаласының спортшысы Сабыржан Хапизов (+100 кг) жеңіс тұғырынан көрінді. Ол жарыстың екінші күнінде ел қоржынына үшінші қола жүлдені сыйлады.

    Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған байрақты бәсекеге әлемнің 24 елінен 200-ден астам спортшы бақ сынады.

    Осылайша, Қазақстан сурдо дзюдо құрамасы әлем чемионатының жекелей жарысын 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдемен жалпыкомандалық кестесінде жалпыкомандалық ІІ орынмен аяқтады. Ал командалық чемпионатта ерлер құрамасы алтыннан алқа тақса, әйелдер құрамасы қола жүлде еншіледі.

    ТҮРКИЯНЫҢ АНТАЛЬЯ ҚАЛАСЫНДА ПАРА ДЗЮДОДАН ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «GRAND PRIX – 2024»ДОДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

    Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған елордалық Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта (J1) жарыстың қола жүлдегері атанды.

    Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.

    Аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.