Ақмарал Науатбек — XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы. Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Жартылай финалда Түркиялық қарсыласы Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Month: Қыркүйек 2024
ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ ЕРҒАЛИ ШАМЕЙ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Ерғали Шамей – Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ерғали Шамей, J1 классында 73 кг дейінгі салмақта өнер көрсетіп, пара дзюдодан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Алғашқы айналымда Ерғали француздық Арминдо Родригесті жеңді. Жартылай финалда Германиядан келген қарсыласын иппонмен жеңіп, финалға шықты.. Финалда Ерғали румыниялық спортшы Флорин-Александру Бологамен белдесіп, иппонмен есе жіберді. Осылайша Ерғали Шамей Паралимпиада ойындарын күміс медальмен аяқтады.
«Нашақорлық, лудоманияны алдын-алу жолдары. Терроризм және экстремизммен күрес» тақырыбында оқу- әдістемелік бөлімінде жиын өтті
Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нашақорлық, лудоманияны алдын-алу жолдары. Терроризм және экстремизммен күрес» тақырыбында оқу- әдістемелік бөлімі жиын өткізді. Жиын барысында бөлім қызметкерлері тақырып бойынша маңызды ақпараттармен алмасты. Сондай-ақ есірткіге, лудоманияға, терроризмге және экстремизмге қарсы ақпарат қөздерінен алынған маңызы бар суреттер көрсетілді. Семинар соңында бөлім қызметкерлері біршама сұрақтарына жауап алды.