Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында қалалық спорт басқармасына қарасты балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің есту мүшесі зақымдалған спортшыларына «Тоқта, вандал» бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмысы барысында аталмыш мекеме қызметкерлері пара спортшыларға қалалық мүліктің бүлінбеуі мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы жайында бейне сюжет көрсетіліп, мысалдар келтірілді.
Қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиеваның сөзінше мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты өтетінің тілге тиек етті.
– Қоғамдық тәртіпті насихаттауға арналған осындай кездесулерді елорданың әрбір ауданында орналасқан спорттық мектептерде және кешкі жаттығу барысында жиі ұйымдастырып отырамыз. Өздеріңіз білесіздер мемлекет басшысы даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне баса назар аударған болатын. Осыған орай 2023 жылы қалалық әкімдікпен бірлесе отырып және мемлекет басшысының аталған Жолдауы аясында елорда да вандализммен күрес жұмысы күшейтілген болатын. Алдағы уақытта да вандализм және қоғамдық тәртіп шаралары бойынша спортшылармен кездесулерді үзбей өткізетін боламыз -, деді ол.
Айта кетейік, өткен жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы жұмыс істейді.
Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Month: Қаңтар 2023
Пара үстел теннисінен F40 ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.
24-27 қаңтар аралығында Гиза(Мысыр) қаласында өткен ашық чемпионатта 27 елден 190 спортшы бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша Елордалық спортшы Ержанқызы Алтынай аралас жұп ойында Эрекеев Талғатпен екінші орынды иеленді.Сондай – ақ, жерлестеріміз Махулбеков Али мен Эрикеев Талғат жұп ойында күміс, қола жүлдені еншіленді.
.
Сурдо футзалдан U – 21 әлем чемпионатын ұйымдастыру мәселелері бойынша Халықаралық сурдо футбол федерациясының(DIFA) мүшелері Елордаға іс – сапармен келді.
Әлем чемпионаты ағымдағы жылдың 1 – 10 маусым аралығында
“Жекпе – жек” сарайында өткізілуі жоспарлануда.
Елордалық спорт кешенінде DIFA өкілдерімен кездесуге Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Марат Даирұлы Қасқырбаев, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директорының м.а. Ержан Есімханұлы Естаев, жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі директордың орынбасары Әділхан Болатханұлы Өмірзақов, сондай-ақ Астана қаласының мүгедек тұлғаларға арналған спорт мектебінің директоры Азамат Жұмабекұлы Тағаев, Қазақстан ұлттық сурдофутбол және футзал федерациясының директоры Мейрамбек Жанболатұлы Махамбетов және Сурдлимпиада комитетіның бас хатшысы Шакуов Арсен қатысты. Ағымдағы жылдың 1 -10 маусым аралығында Елордада алғаш рет есту қабілеті зақымдалған арасында футзалдан U – 21 әлем чемпионаты өтеді..
Қазіргі таңда Әлем чемпионатына ҚХР, Индонезия, Қазақстан, Таиланд, Украина, Өзбекстан, Әзірбайджан, Бразилия, БАӘ, Кения, Ирак,Иран мемлекеттерінің қатысуы жоспарлануда. Айта кетейік, 2022 жылы Таиланд елінде өткен футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 орынды иеленді. Бұл құрама қатарында Елордалық Абраев Мейрам, Төлеубаев Дәулет, Асан Темірлан өнер көрсетті.
Сондай – ақ, делегация мүшелері Ж.Үшкепіров атындағы “Жекпе – жек” сарайының құрылысы ерекше және кез – келген жарысты ұйымдастыруға өте ыңғайлы екендіктерін атап өтті.