Әр төрт жыл сайын өтетін бұл дүбірлі додада 40 елден 350-ден астам спортшы бақ сынауда. Биылғы жарысқа 15-тен астам Паралимпиада чемпиондары мен әлемдік спорт жұлдыздары арнайы келген.
Қазақстан құрамасы сапында ел намысын Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Арстанбеков Бауыржан, Нұрдәулетов Асылан сынды хас шеберлер қорғады!🇰🇿
🔸 Ақмарал Науатбек – J2 санаты бойынша 52 келі салмақта бақ сынасты. Ол ширек финалда Қырғызстандық Айбике есімді қарсыласымен күресті. Өкінішке қарай, ереже бұзғаны үшін жеңіс қарсыласқа берілді. Алайда, бұл — жеңіліс емес, бұл — келесі жеңістің бастауы!
🔸 Нұрдәулетов Асылан – J1 санаты бойынша 70 келіде қола жүлде үшін белдесті. Оңтүстік Кореяның мықтысы Хионбин Киммен өткен шешуші сәтте соңғы секундта есе жіберді. Десе де, бұл тәжірибе – ертеңгі жеңіске бастар баспалдақ!
🔸 Бауыржан Арстанбеков – J1 санаты бойынша 81 келіде ел намысын қорғады. 1/4 финалда грузин балуаны Мишико Шиобришвилиді айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға өтті. Алайда, жартылай финалда сүрініп, шешуші жекпе-жекке өте алмады. Жартылай финалда белдесу оңайға соқпағанымен, бұл кезең Бауыржан үшін бағалы тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан сәт болды!
🔸 Ерғали Шамей – J1 санаты, 81 келі салмақта сынға түсіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды!
Ол белдесу барысында Паралимпиада жүлдегері, француз Сирил Жонармен күресіп, жоғары деңгейдегі дайындық пен төзімділіктің үлгісін көрсетті. Бауыржан Арстанбековпен кездесу кезінде қарсыластың бас тартуы мен жарақатына байланысты жеңіс Ерғалиға берілді.
Елорда қоржынында — 1 ҚОЛА!
Бұл — төккен тердің, қажырлы дайындықтың, және ең бастысы, рухтың жеңісі!
Пара дзюдо — жай ғана спорт емес, бұл — ерік пен сенімнің, қайсарлық пен рухтың сыналар алаңы. Мұнда әр жеңіс – жүректен басталады.
Жеңісті күндеріміз көп болғай!
Қазақстан спортының айбыны асқақтай берсін!
