Бүгін «Елорда» спорт клубымыздың жылдық қорытындысының іс-шарасы өтті! 2024 жыл спорт клубымыз үшін табысты жыл болды!
Іс-шара барысында марапаттау салтанаты өтті. Халықаралық ареналарда жеңіске жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушылары құрметке бөленіп, жетістіктері жоғары бағаланды.
Биыл 2024 жылы спортшыларымыз жалпы 510 медаль қоржынға салды. Оның ішінде Республикалық жарыстарда 343 медаль , Халықаралық жарыстарды 101 медаль, Әлем чемпионатында 28 медаль, Азия чемпионатында 26 медаль және биылғы жылы алғаш рет 5 спортшымыз лицензия алып, Францияның Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып алтын және күміс медаль иеленіп олжалы қайтып, қазақ елінің көк туын биікке көтерді.
Жаттықтырушылар мен спортшылар және “Елорда” спорт клубының қызметкерлері Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Мырзабосынов Ербол Қуантайұлының алғыс хаттарымен, Астана қаласы әкімінің орынбасары Мейірханов Ерік Серікұлының, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқарамасының басшысы Левит Василий Алексеевичтің, Қазақстан республикасының туризм және спорт министрлігі спорт және Дене Шынықтыру істері комитетінің “Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы” директоры Естаев Ержан Есімханұлының, Қазақстан Републикасының ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Акпамбетов Олжас Жомартовичтің алғыс хаттарымен марапатталды.