Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ЖАЗҒЫ СУРДЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ: ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР САПТА

    08–27 тамыз аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауында XXV Жазғы сурдлимпиадалық ойындарына дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны өтуде. Қазақстан құрамасы сапында Елорда атынан Хапизов Сабиржан мен Файзулина Амина ел намысын қорғайды.
    Алдағы бәсекеде спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР «ASTANA 2025 BOCCIA CHALLENGER» ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ!

    22–27 тамыз аралығында Астанада өткен «Astana 2025 World Boccia Challenger» халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Бес күнге жалғасқан додаға 12 елден 56 спортшы қатысып, BС1, BС2, BС3, BС4 санаттары бойынша жеке, жұптық және командалық сайыстарда бақ сынады.

    Жеке сайыс нәтижесінде Елорда атынан сынға түскен Итиана Шингисханова (BС2) чемпион атанса, Ерхат Алмат (BС1) күміс жүлдеге қол жеткізді.
    Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3-орынды иеленді!

    «Бұл сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін Challenger турнирі жоғары деңгейдегі бәсеке болып саналады. Осы орайда жүзден жүйрік шыққан барша жүлдегерлерді құттықтаймын. Бұл жарыс біздің ұлттық құрамамыз үшін үлкен сын болды. Нәтижесінде олар бар үмітімізді ақтады. Жеке сайыста жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және аралас жұптық сайыста 1 алтын жүлдені еншіледі. Осы көрсеткіш арқылы параспортшыларымыз үлкен белесті бағындырды деп санаймын», – деді Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.

    Мұндай ауқымдағы турнирдің өтуі елдің инклюзивті спорт пен халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадамы болды.
    Барша жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

    ЕЛОРДАЛЫҚ ПАРАДЗЮДОШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!

    2025 жылғы 18–19 тамыз күндері Мысырдың Гиза қаласында көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан IBSA Grand Prix Egypt 2025 Әлем кубогы өтті!
    Бұл дүбірлі додаға 27 елден келген үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ел намысын қорғаған елордалық парадзюдошылар жоғары деңгейде белдесіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді:

    Шәмей Ерғали — 2-орын (J1 санаты)
    Нұрдәулетов Асылан — 5-орын (J1 санаты)

    Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орын иеленді!
    Ерекше дайындық пен табандылықты талап ететін бұл халықаралық додада ел мерейін үстем етіп, абыроймен оралған спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз

    ШЫМКЕНТТЕ ПАРА ДЗЮДОДАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

    4-14 тамыз аралығында Шымкент қаласында пара дзюдодан ересектер арасында Әлем кубогы алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтті. Ерғали Шамей және Нұрдәулетов Асылан Мысырда Қазақстан намысын қорғайды.

    АСТАНАЛЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ITTF WORLD PARA CHALLENGER ASTANA 2025 ТУРНИРІНДЕ 4 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ!

    30 шілде мен 3 тамыз аралығында алғаш рет Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара үстел теннисінен ITTF World Para Challenger Astana 2025 халықаралық турнирі өтті.

    Бес күнге созылған дүбірлі додада еліміздің атынан 39 спортшы бақ сынады. Олардың ішінде Астана қаласынан 9 спортшы ел намысын қорғап, жекелей, жұптық және аралас жұптық сайыстарда табысты өнер көрсетті.

    Жарыс нәтижелері:

    9-санат бойынша сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы, елордалық Алтынай Ержанқызы шешуші ойында үндістандық спортшы Прузви Жайдев Барвты 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ Алтынай жұптық сайыста WD14–20 санаты бойынша бейтарап спортшы Сафира Файзутдиновамен жұп құрап, күміс медаль жеңіп алды. Ал аралас жұптық сайыста Алтынай Ержанқызы Марат Суртубаевпен бірге өнер көрсетіп, тағы бір күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Сонымен қатар, астаналық Александра Степанова WD5–10 санатындағы жұптық сайыста түркиялық Хатис Думанмен бірге өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.

    Осылайша, елордалық параспортшылар жалпы есепте 4 жүлде жеңіп алды.