Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТШЫЛАРЫ ӘЛЕМДІК АРЕНАДА! ♟️

    Астанада 20–26 қазан аралығында ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында өткен II Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өз мәресіне жетті! Бұл беделді додада әлемнің 32 елінен келген 35 команда өзара сынға түсті.
    Қазақстандық спортшыларымыз лайықты өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.
    🔹Kazakhstan-2 командасы жалпы есепте 15-орынды иеленді.
    Осы құрамда «Елорда» спорт клубының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдей түсті:

    🏅 Айғаным Камбарова – 5-ші тақтада үздік нәтиже көрсетіп, алтын медальдің иегері атанды!
    🔹 Нұрғиса Қуанышұлы – жарыстың «ең жас спортшысы» номинациясын жеңіп алды.

    Бұл жетістіктер Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін тағы бір биікке көтеріп, еліміздің ірі шахмат державасы ретіндегі мәртебесін айқындай түсті. Еліміздің шахмат абыройын асқақтата беріңіздер! Құттықтаймыз!

    АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР СУРДЛИМПИАДА АЛДЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ!

    Ағымдағы жылдың 7–19 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында сурдо дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен бірлескен арнайы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті. Бұл жиын алдағы XXV жазғы Сурдлимпиадалық ойындарына дайындық мақсатында ұйымдастырылды.

    Астана қаласынан аталған оқу-жаттығу жиынына келесі спортшылар қатысты:
    – Файзулина Амина (70 кг),
    – Хапизов Сабиржан (+100 кг).

    Жеке жаттықтырушылары – Данияров Болат Мырзагазинович.

    Елорда спортшылары жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, алдағы Сурдлимпиада ойындарында ел намысын лайықты қорғауға ниетті.

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

    2025 жылғы 7–9 қазан күндері Египеттің Каир қаласында пара пауэрлифтингтен жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 27 елден 120 спортшы қатысты. Бұл жарысқа «Елорда» спорт клубының атынан ел намысын екі спортшы қорғады.

    🥈 Рахатұлы Қуаныш – 54 кг салмақ дәрежесінде 105 кг нәтижемен күміс жүлдеге ие болды.
    🥈 Надыров Вазир – 59 кг салмақта 121 кг көтеріп, қола жүлдені жеңіп алды.

    Құттықтаймыз!