Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    МАҚСАТ – ЖЕҢІС! СУРДЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА!

    30 қазан – 12 қараша аралығында Алматы қаласында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының алдындағы оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі өтуде. Бұл кезеңде спортшылар өз шеберліктерін шыңдап, жауапты жарысқа дайындықтарын пысықтауда.

    Астана қаласының атынан ел намысын абыроймен қорғауға дайындалып жатқан спортшыларымыз:
    • Хапизов Сабиржан (+100 кг)
    • Файзулина Амина (70 кг)

    Алдағы бәсекеде спортшыларымызға жоғары нәтижелер мен жеңіс жолында сәттілік тілейміз! 🏆

    ҚАЗАҚСТАН ПАРА ДЗЮДОШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ! 🏆

    2025 жылы 7–9 қараша аралығында Астана қаласында екінші рет 2025 IBSA JUDO ASIAN CHAMPIONSHIPS ASTANA  додасы өтті. Араға екі жыл салып ұйымдастырылған айтулы доданың маңызы зор. Өйткені жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңінің бір бөлігі саналады. Биылғы додаға 9 елден 100-ден астам пара дзюдошы қатысты.
    🔹 22 спортшымен сынға түскен Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті.
    Айтулы додада ел намысын қорғаған астаналық пара дзюдошылар топ жарды. Астана қаласының қоржынында 2 алтын 1 қола:

    • Ерғали Шәмей (J1 81 кг) – 1-орын 🥇
      • Асылан Нұрдәулетов (J1 70 кг) – 1-орын🥇
      • Бауыржан Арыстанбеков (J1 81 кг) – 3-орын 🥉

    Сонымен қатар, командалық ақтық сайыста еліміздің ерлер құрамасы Өзбекстан құрамасын 4:0 есебімен жеңіп, қоржынға тағы алтын еншіледі!

    ҚОЛА ЖҮЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА!

    25 қазан мен 3 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен пара оқ атудан Әлем кубогында спорт клубымыздың спортшылары Севда Алиева мен Никита Ермаков үздік үштікке енді!

    🔹 Олар P6 жаттығуы (пневматикалық тапаншамен аралас жұптық ату) бойынша қола жүлдені жеңіп алды. Шешуші сәтте Иран құрамасымен сынға түсіп, тартысты бәсекеде жеңіске жетіп, ел намысын лайықты қорғады.
    🔹 Бұл беделді додаға 38 елден 202 спортшы қатысты.

    Спортшыларымызды құттықтаймыз!