Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ СЕВДА АЛИЕВА ПАРИЖ – 2024 ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ.

    Cевда Алиева 10 м дистанциясы бойынша Р2 пневматикалық тапаншадада SH1 класында өнер көрсетеді. Севда Алиева пара оқ атудан халықаралық жарыстарға қатысып, әлемдік аренада өз мүмкіндіктерін дәлелдеді. Оның соңғы жеңістері оны Паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берді.

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ.

    Жарыста 1-ші орынды польшалық Павел Пиекелени тізгіндесе, 3-ші орынға сербиялық спортшы Драган Молдаванович ие болды.

    Әлем чемпионатында 30 елден 128 cпортшы өнер көрсетуде. Қазақстан тарапынан 17 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 6-шы шілдеге дейін жалғасады.

    СУРДО ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ.

    22 маусым мен 1 шілде аралығында Өскемен қаласында сурдо футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

    Жарысқа Қонаев, Өскемен, Астана, Алматы, Шымкент, Жетісу облысының құрама командалары қатысты.

    Жарыс нәтижесі бойынша Елорда құрамасы 3 орынды иеленді.

    ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ.

    26 маусым мен 1 шілде аралығында Щучинскте тірек – қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің 19 өңірінен 180 – ге жуық пара спортшы жеке, жұптық, аралас жұптық ойын түрлері бойынша сынға түсті. Елорда құрама командасы 9 алтын, 6 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық 2 орынды иеленді.