Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАРА ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМДІК СЕРИЯНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ.

    Лимож қаласында пара жүзуден әлемдік сериясы өтті. Айта кетейік, аталмыш жарыс Астаналық спортшылардың халықаралық дәрежедегі алғашқы жарысы. Тұрғанбеков Али төртінші класта – екінші орынға ие болды, ал Наметуллаев Ерсұлтан тоғызыншы класта үшінші орынды еншіленді.

    ҚАРАҒАНДЫДА СУРДО ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ.

    Жарысқа еліміздің 17 өңірінен 90 спортшы қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша Ахметов Руслан( 80 кг), Затаева Адэля( 62 кг) және Черняк Елена (48 кг)1 орынға ие болды. Сонымен қатар, Затаева Адэля пумсэ бағдарламасы бойынша жеке есепте – 2 орын, жұптық сында – 3 орын иеленді. Медальдар жиынтығы бойынша, Астана құрамасы жалпы командалық 3 орын алды.

    СУРДО ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ.

    31 мамыр мен 2 шілде аралығында Тараз қаласында ел біріншілігі өтті. Чемпионатқа еліміздің 15 өңірінен (Астана, Алматы, Жамбыл облысы, Абай облысы, Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Қарағанды облысы, Ақтөбе облысы, СҚО, БҚО, ШҚО, Павлордар облысы, Жетісу облысы, Қостанай облысы, Шымкент) 100 – ге жуық спортышлар тотамиде сынға түсті.

    Жарыс нәтижесі бойынша Елорда құрамасы 2 алтын, 2 қола медаль иеленіп, жалпы командалық 3 орынды алды.

    Жарыс нәтижесін ұсынамыз:

    🥇Хапизов Сабиржан(+100 кг)

    🥇Файзуллина Амина ( 70 кг)

    🥉Бысыкатов Григорий ( 60 кг)

    🥉Есмагамбетова Айнура ( – 57 кг)

    ПАРА ОҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА АСТАНА ҚҰРАМАСЫ 8 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕНДІ.

    25 – 31 мамыр аралығында Алматы қаласында пара оқ атудан ҚР чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 13 өңірден 60 – қа жуық спортшы қатысты. Елорда құрамасы 5 “алтын”, 2 “күміс”, 1 “ қола” медаль еншіленіп, жалпы командалық 1 орынды иеленді.

    Пара оқ атудан жаттықтырушы Бурчалин Михаил жарыс туралы:

    “Астана құрама командасындағы 5 спортшы 9 стартқа қатысты. Біз жоғары нәтиже көрсетіп, медальдік есепте бірінші орынды иелендік(Олимпиадалық есептеу жүйесі бойынша).

    • Алиева Севда халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындады
    • Федюкин Виктор спорт шебері нормативін орындады.
    • Оторбаев Ардак аталмыш жарысқа екі ай көлемінде дайындалғанына қарамастан, спорт шеберінің нормативін орындады.
    • Төлегенова Айгерім спорт шебері нормативін орындады.
    • Төлегенова Айгерім және Оторбаев Ардак пара оқ атумен аз уақыт айналысқанына қарамастан, керемет нәтиже көрсетуге кедергі болмады” – деді.

    СУРДО-ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЕҢ ІРІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

    Бүгін Астанада 21 жасқа дейінгі есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында сурдо-футзалдан әлем чемпионаты басталды.

    Елорда төрінде алғаш рет 10 мемлекеттің қатысуымен сурдо- футзалдан ерлер арасында 21 жасқа дейінгі әлем чемпионатының алғашқы матчтары өтті.

    «Сурдо-футзалдан 21 жасқа дейінгілер арасында бірінші әлем чемпионаты 2022 жылы 8 елдің қатысумен Малайзияда өтіп, Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болған еді. Міне сол жетістігімізді ескере келе, 2023 жылы келесі әлем чемпионатын біздің елде өткізуге шешім қабылдады. Бұл біз үшін тарих. Әрі 10 мемлекеттің болуы жоғары көрсеткіш. Бұйырса, осы жерде Ираннан кеткен есемізді қайтарсақ дейміз» — деді, сурдо-футбол және футзал федерациясының вице-президенті Қайрат Сейтбеков

    Бұл әлем чемпионатына ойыншыларды іріктеу ішкі біріншіліктің қорытындысв бойынша жүргізілген. Вице-президенттің айтуынша, қазіргі сәтте Астана, Алматы, Шымкент мегаполистері, Қарағанды облысы, СҚО-да бұл спорт түрі жақсы дамып келеді. Бұның бір нәтижесі — 2022 жылғы әлем чемпионатынан қарағанда құрама 50-60%-ға жаңарған.

    «Уақыт өткен сайын сурдо-футзал қарқынды дамып келеді. Оның бір мысалы — Астана төріне Тәжікстан, Украина, Бразилия, Таиланд, Оман секілді мемлекеттер бірінші рет бақ сынайды.

    Біз үшін басты қарсыластар Иран, Украина, Бразилия деп санаймын. Бірақ барлығына сыйластықпен және жауапкершілікпен қараймыз» — деп, ұлттық құраманың қақпашысы Нысан Құрбанов.

    Жерлестеріміз тұсау кесер матчында дебютант Тәжікстан құрамасымен жолығып, 36:1 есебімен тас-талқан қылып, жеңді. Бұл сурдо-футзалдан Қазақстанның ең ірі жеңісі ретінде тіркелді.

    Айта кетейік, 10 маусымға дейін жалғасатын бәсекеге Әзербайжан, Сауд Арабиясы, Иран, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Бразилия, Таиланд, Оман, Қазақстан елдері қатысып жатыр.